Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Имам Малик: «Маған дүре соққандардың бәрін кешірдім»
01 ақпан, 2021 жыл 1034 Басып шығару нұсқасы

bpZXKlpzgxUМалик ибн Әнас Әбу Ханифа хадистері әлі толықтай жинастырылып, жазылып, жүйеленбеген уақытта өсіп-жетілді. Ол өз аймағында ғана ілім алумен шектеліп қалмай, Ислам әлемінің әртүрлі орталықтарындағы білгір ғалымдармен кездесіп, солардан ілім алуға тырысқан. Имам Малик ибн Әнас ең алғаш жинақталып, хадисшілердің сенімінен шығып, жоғары бағаланған «Муатта» атты хадис кітабын жинастырған ғалым. Оның хадис ілімінде, Құран мен хадистерден үкім шығарудағы білгірлігін замандас ғұламалары түгел мойындаған. Ол кітапқа түсер әрбір хадисті зерттеп, мән-мағынасын терең зерделеп барып жазған. 1700-ден аса хадистерді түсірген. Әрбір хадисті толық зерттегені соншалық әкесі Әнастың айтқан хадистерінің кейбірін кіргізбеген. Өз мазһабын қалаушы, мықты ғалым, имам Маликтің шәкірті Шафиғи ол кітап туралы: «Алланың кітабынан кейінгі ең мықты, өте нақты дәлелдермен жеткізілген Маликтікінен басқа кітап өмірге келген жоқ» деген. Ол кезде имам Бұхари мен имам Муслим секілді ғұламалардың кітаптары әлі жарыққа шықпаған болатын.

Имам Маликтің «Муатта» атты кітабын оқып шыққан халифа Жағфар Мансур (754–775) оның біліміне ризашылық білдіріп: «Өте құнды еңбек жазыпсыз. Келіңіз, мұсылмандарға Ислам дінін тек осы кітап бойынша амал еткізейік», – дегеніне, Имам Мәлик: «Жоқ, олай етуге болмайды. Расулулланың сахабалары жан-жаққа тарады, олардың барлығы да өздерімен жақсылықты ала барды», – деген екен. Сахабалардың кезінде түрлі діни көзқарастар пайда болды. Соның салдарынан Исламды әртүрлі талдайтын, түрлі-түрлі мазһабтар (діни құқықтық мектеп, жол) көбейді. Уақыт өте фиқһ (мұсылман заңы) саласы бойынша Құран аяттарын дұрыс талдау және хадистерді зерттеу арқылы шариғатты дамытып, жалған мектептерге қарсы күресуші, олардың қателіктерін паш етуші Әбу Ханифа (699–767), имам Малик (717–795), имам Шафиғи (767–820), Ахмад ибн Ханбал (780–855) секілді ислам ғұламаларының мазһабтары дүниеге келді. Имам Малик мазһабын Африканың бірқатар елі, Египет, Судан секілді елдердің халықтары ұстанады. Хазіреті Мұхаммед Пайғамбарымыз (ﷺ) оларға: «Сахабаларым аспандағы жолшы жұлдыздар іспетті. Олардың қайбіріне ілессеңдер де хақ жолын табасыңдар», – деп сипат берген.

Имам Малик ибн Әнастың күнделікті өмірінен бізге жеткен оқиғалар:

Әшәб ибн Абдулазиз имам Малик туралы былай дейді: «Бірде ел жатқан уақытта сыртқа шықтым. Малик ибн Әнәстің үйінің жанынан өтіп бара жатып, оның намаз оқып жатқанын байқап қалдым. «Фатиханы» оқып болған соң, «Тәкәссүр» сүресін оқи бастады. «Сол күні берілген ырыс-береке мен несібелерден сөзсіз сұраласыңдар» аятына жеткен кезде кемсеңдеп, жылай бастады. Әлгі аятты қайта-қайта қайталап жылай берді. Мен баратын жеріме де бармай, көз алмай тыңдап қалдым. Осылайша ол таң намазына дейін жылады. Шапақ атқанда ғана, рүкүғке барып, намазын бітірді. Мен де үйге барып, дәрет алып, таң намазын оқу үшін мешітке бардым. Кейіннен күн шығып, айнала жарыққа толып, оның айналасына ілім алқасы жиналды. Мен жақындап барып жүзіне қарағанымда, жүзінен нұр шашып тұрды. Тіпті қарасаң көз тоймайды. Қараған сайын жүрегіңе жылу дарығанын анық сезесің. Сол кезде мен «Түнгі намазы көп болғанның күндіз жүзі – жарық, нұрлы болады» деген хадисті есіме алдым».

Имам әл-Бәйһақи «әл-Әсмә уас-сифат» кітабында имам Малик туралы мына оқиғаны жеткізеді: «Яхия ибн Яхия айтады: Біз Малик ибн Әнастың жанында едік. Бір кісі келді де: «Уа, Абдулланың әкесі, Рахман болған Алла аршыға истиуа етті. Сонда қалай истиуа етті?», – деп сұрады. Имам Малик басын төмен иіп, үндемеді. Содан кейін оны тер басты. Сосын тіл қатып: «Истиуа белгісіз нәрсе емес, оның кейпі – ақылға қонымсыз, оған иман келтіру – уәжіп, ол жайында сұрақ қою – бидғат (дінге жаңалық енгізу). Мен сенің тек бидғатшы екеніңді көріп тұрмын», – деп әлгіні шығарып жіберуді бұйырды». Имам әл-Бәйһақи кітабында осы оқиғадан бұрын Абдулла ибн Уәһбтің риуаятын жеткізеді. Онда Имам Малик: «Рахман өзін сипаттағандай, аршыға истиуа етті. «Истиуаның» кейпі қалай деп айтылмайды. Кейіп Аллаға жүрмейді. Сен бидғатшыл жаман адам екенсің. Мынаны шығарып жіберіңдер», – деген екен. Имам Малик жоғарыдағы «Истиуа» белгісіз нәрсе емес, оның кейіпі ақылға қонымсыз» және «Истиуаның кейпі қалай деп айтылмайды. Кейіп Аллаға жүрмейді» деген екі сөзімен де Алланың өзі мен ісінің кейіпке енбейтінін айтып жеткізді. Ал кейіп бір заттың не ол затқа тән іс-қимылдың формасы, пішіні. Алла мұндай жаратылысқа тән сипаттардан пәк. Осы оқиғадан имам Маликтің тақуалығының шын бейнесін көреміз.

Имам Маликтің керемет мінезі мына оқиғадан көрініс табады. Мәдина әкімі имам Маликтен бір ижтиһадынан бас тартуды сұрайды. Қабылдамаған соң дүре соқтыртады. Әр сабаған сайын, имам: «Уа, Раббым, бұларды кешір. Өйткені, білместікпен істеп жатыр» дейді. Соңында талып қалады. Кейіннен есін жиғанда: «Куә болыңдар, маған дүре соққандарды кешірдім» дейді. Халифа әкімді жазалау үшін рұқсат сұрағанда, имам: «Жоқ, мен оны кешірдім» деген екен. Осы оқиғадан имам Маликтің көркем мінезге ие болғанын байқаймыз. Аса сабырлы, кешірімді, мейірімді әкенің екі ұл, бір қызы болды.

Билік басындағылармен қарым-қатынасы жайлы тағы бір оқиға бізге жеткен. Шәкірттерінің бірі: «Жұрт сіздің биліктегілермен жиі кездесетініңізді айтады. Сізге ол жараспайды деуде», – дегенде, имам: «Бұны әдейі істеймін. Өйткені, олай істемесем, олар лайық емес әлдекімнің кеңесіне жүгінеді. Егер олармен жолықпасам, бұл қалада Пайғамбарымыздың (ﷺ) сүннетін ұстанатындар қалмас еді», – деп жауап берген екен.

Хафиз ибн Хәджәр имам Маликке мынадай мінездеме береді: «Ол – Дәрул-Һижраның имамы, білімі ең толық ғалымдардың ішіндегі бастысы және сенімді жеткізушілердің ұлысы».

Имам Маликтің діндегі білімі мен басқа ғалымдар ол туралы қандай пікірде болғанын білу үшін имам әл-Бұхариден «кімнің иснады ең анық, әрі сенімді деп есептеуге болады» деп сұраған кезде, ол: «Ең жақсы иснад – бұл Малик хадисті Нәфи’тен, ал ол – Ибн ‘Умардан, ал ол – Пайғамбардан (ﷺ) жеткізгені», – деп жауап бергенін еске алсақ болады.

Яхья бин Яхья ат-Тамими: «Оқуым біткен соң имам Маликтен жақсы дүниелерді меңгеру үшін бір жыл қасында қалдым. Оның бойындағы қасиеті Пайғамбарымыздың (ﷺ) қасында болған сахабалар мен одан кейінгілердікі секілді еді» деген.

Имам Маликтің бұрынғы шәкірті болған имам әш-Шәфиғи былай дейді: «Табиғиндердің кезінде Малик Алланың адамдарға қарсы дәлелі еді».

Имам Шафиғи: «Ғалымдар туралы сөз етілгенде, олардың арасында имам Малик жарқыраған жұлдыз секілді. Маған одан көп еңбегі өткен жан жоқ» деген.

Имам ән-Нәсаи былай дейді: «Менің ойымша, табиғиндерден кейін өмір сүргендердің ішінде Маликтен асқан ізгі, құрметті, сенімді, әрі хадисте сенімге лайық ешкім жоқ».

Ал, имам Малик өзі туралы былай дейтін: «Жетпістен астам ғалым маған фәтуә беруге куәлік етпегенше, фәтуә берген жоқпын».

Имам Малик алғашқы өмір жылдарында өте кедей тұрған, тіпті нан алып жеуге де қаражаты болмай, қиналған кездері болған. Сондай қиын сәттерде де ол ешкімге қол жайып бармаған. Өзінің сырт келбетіне ұқыпты қараған. Қиын қыстау кезеңде оның сырт келбетіне қарап бақуатты отбасының адамы деп айтуға болатын. Білімін тереңдетіп, өзгелерге дәріс бере бастаған соң, әлемнің түкпір-түкпірінен келетін байлар оған сый көрсететін. Содан түскен бар дүниені ол қайырымдылыққа жұмсаған.

Өмірінің соңғы жылдарында ол мешітке бара алмайтындықтан үйінде сабақ берген. Имам Малик Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) кейін өмір сүрген үшінші ұрпаққа жатады. 86 жасында дүйсенбі күні өмірден қайтқан.

 



Ақтоғай аудандық оталық мешіті

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары