Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Мединенің тарихи құдықтары
20 қазан, 2015 жыл 232 Басып шығару нұсқасы

Раума құдығы. Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с) мешітінен 3,5 м жерде орналасқан. Қазір жергілікті ауыл шаруашылық әкімшілігіне тиесілі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Мединеге қоныс аударған кезде осы құдықтан басқа жерде ауыз су болмаған. Ол кезде бұл құдықтың иесі еврей болатын. Ол құдық суын қымбатқа сататын. Алла елшісі: «Раума құдығын мұсылмандар үшін сатып алған адамға болашақта жақсы сый болады»-деген. Содан кейін Усман еврейге келіп құдықты сатуын сұрайды. Еврей құдықты тұтас сатуға келіспей, жартылай сатуға келеседі: «Бір күн саған, бір күн маған»-дейді. Усман осылай құдықтың жартысын сатып алып, мұсылмандарға береді. Адамдар Усман ие болған күні екі күнге жеткілікті су жинап алып отырады. Еврей бұған: «сен менің саудамды бұздың»-деп ашуланады. Содан кейін Усман құдықты толығымен сатып алып, көпшіліктің пайдалануына береді.


Арис (Хатам) құдығы. Куба мешітінен шығысқа қарай орналасқан. Хижра бойынша XIV ғасыр соңында қазылған. Сонымен қатар бұл құдық Хатам (сақина) атауымен де белгілі. Себебі мұнда Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) «Мұхаммед расулаллаһ» сөздері жазылған күміс сақинасы жоғалған. Бұл сақина Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) кейін халиф Әбу Бәкірге, одан кейін халиф Омарға, одан кейін хлаиф Усманға ауысқан. Усман құдық қасында отырғанда сақина оның қолынан сусып құдыққа түсіп кеткен екен.


Ха құдығы. Бұл құдық Әбу Тальха әл-Ансаридің жеміс бағында орналасқан болатын. 1994 жылы бұл құдық мешіт құрамына қосылады. Анас бин Мәлік: «Мединеде тұратын ансарлардың арасында Әбу Тальханың құрма пальмалары көп бақшасы болды және ол оның ең жақсы көретін дүниесі еді. Онда Ха құдығы бар еді. Ол Пайғамбар (с.ғ.с) мешітіне қарсы орналасқан. Алла елшісі сонда барып, оның тамаша суын ішетін. «Әл Имран» сүресінің: «О сенім келтіргендер! Өздеріңнің қолдарыңда бар және жақсы көретін дүниелеріңнен Алла разылығы үшін жұмсамайынша Алланың нығметіне бөленбейсіңдер» - делінетін 92-аяты түскенде Әбу Тальха Пайғамбарымызға (с.ғ.с) келіп: «О, Алланың елшісі! Алла Тағала жақсы көретін дүниемізден жұмсау керектігін айтты емес пе? Ал менің ең жақсы көретін дүнием Ха құдығы орналасқан бақшам. Сондықтан мен мұны қайырымдылық ретінде беремін және Алладан үміт етемін. Алла елшісі, мұны Алла жолында жұмсағайсың»-дейді. Сонда Алла елшісі: «Бұл жақсы мүмкіндік! Мен сенің бақшаны туысқандарыңа бөліп беретініңді естігенмін»-дейді. Содан кейін Әбу Тальха бұл бақшаны туысқандарына бөліп берді»-дейді.


Будага құдығы. Бұл құдық бану Саеда тайпасына тиесілі болған. Алла елшісі оның суын дәрет алу үшін пайдаланған. Кейін бұл құдық Мединенің орталық ауданында жүргізілген жұмыстар кезінде жабылған.


Гарс құдығы. Ол Куба мешітінен солтүстікке қарай шамамен бір километр жерде орналасқан. Алла елшісі осы құдық суынан ішкен және осы дүниеден қайтқанда осы құдық суымен жуындыруды өсиет еткен екен.


Урва құдығы. Бұл құдықты Урва бин Зубайр бин Аввам қазған және бұл құдық күні бүгінге дейін бар. Ол Пайғамбар (с.ғ.с) мешітінен шамамен 3,5 км жерде орналасқан. Тарихшылар Мединедегі барлық құдықтар ішінде осы құдықтың суы ең мөлдір әрі татымды болған деседі.


Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары