Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Омар (р.а.) неге жылады?
17 қыркүйек, 2015 жыл 44 Басып шығару нұсқасы

Бізге жеткен хадистерде Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жанында жүрген көптеген сахабалардың аттары нақты айтылып кеткен. Солардың ішінде он сахаба көзі тірісінде Жәннатпен сүйіншіленген. Солардың бірі Омар (оған Алла разы болсын). Бұл сахаба туралы көптеген оқиғалар бар. Осы ретте Омар (оған Алла разы болсын) сахабаның басынан мынадай бір оқиға өтіпті. Омар (оған Алла разы болсын) жеке қалғанда сақалын ұстап тұрып: «О, Омар, Алладан қорық, Алладан қорық, әйтпесе саған оның азабынан құтылар жол жоқ!» Бір күні Омарға (оған Алла разы болсын) бір кедей келіп: «Менің әйелім мен балаларымды киіндірші, менде оған мүмкіндігім жоқ» депті. Омар (оған Алла разы болсын): «Егер олай етпесем маған не болады?» деп сұрапты. Сонда әлгі кісі: «Онда мен кетемін» депті. Омар (оған Алла разы болсын): «Сосын не болады?» десе, кедей кісі тұрып: «Сосын сен бұл үшін Қиямет күнінде сұраласың» деп жауап қатыпты. Бұны естіген Омар (оған Алла разы болсын) көзінен жасы ағып, Алладан қорыққаны сонша сақалдарына дейін су бола үй ішіне жүгіре кіріпті. Бірақ, ол кедейге берер еш зат таппай, әлгі кісінің алдына келіп үстіндегі жалғыз жамылғысын шешіп: «Осыны әйелің екеуің бөліп киіңдер» деп екіге бөліп беріпті.


Міне, Омардың (оған Алла разы болсын) Аллаға деген құлшылығы қандай болған!


Кәусар Сабыр


Балқаш қаласы мешітінің баспасөз хатшысы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары