Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Алладан қорқу
24 тамыз, 2015 жыл 126 Басып шығару нұсқасы

molbaБәкір бин Абдулла әл-Музни жеткізген мынадай бір оқиға бар. Бір қасапшы көршісінің қызына ғашық болған екен. Бірде көршісі сол қызын бір жұмыспен басқа ауылға жібереді. Оны білген әлгі қасапшы қыздың ізінен ереді. Жолда қызға тиіспекші болады. Сонда қыз: «Маған тиіспе, шынында менің саған деген махаббатым күштірек, бірақ мен Алладан қорқамын»-дейді. Қасапшы бір сәт ойланып қалып: «Сен Одан қорықсаң, мен қорықпаймын»-дейді. Бірақ тәубесіне келіп, қызды жөніне жібереді. Қыз кеткеннен кейін өзі жолда шөлдеп, өзегі талады. Күтпеген жерден бір шабарманды кездестіреді. Әлгі шабарман: «Саған не болды?»-деп сұрайды. Қасапшы шөлдеп, қиналып отырғанын айтады. Шабарман: «Алла Тағалаға құлшылық қылып, біз ауылға жеткенше жол бағыттайтын бұлт жіберуін сұрап дұға жасайық»-дейді. Сол кезде қасапшы: «Менің Алладан әлдене сұрайтындай ешқандай жақсы ісім жоқ»-дейді. Сонда шабарман: «Олай болса, мен дұға қылайын, сен «әумин» деп айтып отыр»-дейді. Шабарман дұға оқығанда қасапшы «Әумин»-деп отырады. Шамалы уақыттан соң бір бұлт пайда болып, оларды ауылға дейін жеткізген екен.


Олар ауылына жетіп, қасапшы өз үйіне қайтқанда бұлт оның соңынан қалмайды. Сонда шабарман оған қайтып келіп: «Сен ешқандай жақсы ісім жоқ»-дедің. Сондықтан мен Аллаға жалбарындым, ал сен «әумин»-дедің. Бізге бұлт көрініп, содан соң сенің соңыңнан кетті. Не болғанын айтарсың мүмкін?»-дейді. Қасапшы болған оқиғаны айтып береді. Сол кезде шабарман: «Өкініп, тәубесіне келген адамның Алла Тағаланың алдындағы дәрежесі бәрінен жоғары»-деген екен.


Әмина Омарова


Қарағанды облыстық орталық мешіті

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары