Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Үш күндік аштық
22 тамыз, 2015 жыл 140 Басып шығару нұсқасы

Пайғамбарымыз бір күні кешкісін үйіне кіріп былай бұйырды:


- Ей Айша! Үш күн бойы дәм татпадым. Жейтін бір нәрсең бар ма?


Сол кезде есік қағылып хазіреті Әбу Бәкір келді. Не үшін келгендігін сұрағанда былай жауап берді:


- Ей Расулаллаһ! Үш күн бойы дәм татпап едім, қасиетті жүзіңізді көріп, аштығымды ұмыту үшін келдім.


Сол кезде хазіреті Омар мен Әли де кіріп келді. Оларда сол сөзді қайталады.


Хазіреті Әли айтты:


- Ей Расулаллаһ! Кеше Муаз бин Жәбәлдің бақшасынан ағашта пісіп тұрған құрмаларын көрдім.


Сонда пайғамбарымыз:


- Қане онда, Муаздың үйіне барайық,- деді.


Бірігіп Муаздың үйіне келді. Муаз есікке қарай жүгіріп, қонақтарды ішке кіргізді. Пайғамбарымыз жағдайды түсіндіргенінде, қатты қамығып былай деді:


- Ей Расулаллаһ! Құрмаларды бүгін ғана жинап, біразын жедік те қалғандарын садақа ретінде таратып жіберген едік.


Сонда пайғамбарымыз хазіреті Әлиге үйден бір себет алып бақшаға баруын және құрма ағашына: «Расуллуллаһ сенен құрма беруіңді сұрады!» деп айтуын бұйырды.


Хазіреті Әли пайғамбарымыздың сөзін айтқанында ағаш бір сәтте құрмаға толып қалды. Себетті толтырып әкеліп, барлығы тойғанынша жегенінде де себеттегі құрмалар мүлдем азаймады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары