(мақаланың Басы алғашқы бетте)
Осы жайлы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): „Айрықша қызғанудан сақ болыңдар, өйткені көреалмаушылық істелінген ғибадат-құлшылықтарды жояды, дәл оттың отынды және құрғақ шөпті жалмағанындай„.Қызғаншақтық адамды күпіршілікке дейін апара алады.
2) Күнә жасауға апарады. Мынадай: Қызғаншақ бір кісі өсек айтудан, өтірік айтудан, адамдардың арасын бұзудан кері тұрмайды. Бұл сияқты жаман істерді әдетке айналдырады. Бұл жайлы Дамуре б.Салебенің былай дегені бар: - Адамдар қызғанбайынша ізгілікте өмір сүре береді.
3) Шапағаттан жұрдай болады. Абдуллаһ б. Бишр (р.а.) жолымен келген бір риуаятта Расулулла (с.ғ.с.) былай деді: „Қызғаншақ болған, өсек айтып сөз тасыған, сатқындық жасаған менен емес және мен олардан емеспін„. Содан соң Расулулла (с.ғ.с.) Ахзап сүресінің 58-ші аятын оқыды: - „Сондай мүмин ер, мүмин әйелдерді жазықсыз кейіткендер, әрине олар, жала жауып, ашық жүк жүктеп алды„.
4) Тозақтың отына апарады. Бұл мағынада Ибн Омар және Әнес ибн Мәлік тарапынан айтылған бір хадис-шәрифте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай бұйырды:
- „Алты топ кісілер бар, алты нәрсенің себебімен есеп берместен тозақтың отына тасталынады„.
Сонда: Ия, Расулулла (с.ғ.с.) олар кімдер, тозақтың отына тасталуына себеп болған нәрселерді айтыңыз?-деген сауалдар сұралынады.
Сайтқа дайындаған: Тотия Енсебаева
Пікірлер