Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Шөл кемесі: Құранда түйе неге жиі аталады?
26 мамыр, 2015 жыл 857 Басып шығару нұсқасы
«Түйенің қалай жаратылғанын, аспанның қалай көтерілгенін, таудың қалай тұрғызылғанын, жердің қалай құшақ жайғанын олар қалай көрмейді?» (Құран; 88:17-20)

Әлемде Алланың құдыретін көрсететін жаратылыстар аз емес. Түйе де Алланың бір жаратылысы. Және бағзы заманда арабтарға аса қажет болған жануар. Ертеректе арабтар үшін түйеден бағалы жануар болмаған. Араб шөлінде су байлық ретінде бағаланады. Ол жерде суды кез-келген уақытта қалағаныңша ала алмайсың. Түйе болса сусыз бір апта жүре алады. Ежелден шөлді-тұзды аймақтардың табиғат жағдайларына жақсы бейімделген, аптап ыстықтарда апта бойына сусыз тіршілік ете алатын бірден-бір түлік. Тұзды-кермек суды жақсы ішеді. Қолайсыз табиғат жағдайларында азық ретінде пайдалану үшін өркешіне артық май жиналады. Кеудесіндегі, табандарындағы, шынтағындағы, тізесіндегі қажау сүйелдерінің арқасында ыстық жерде, құмда жата алады. Үлкен, биік, мығым, көнбіс, төзімді жануар. Үлкен жануар болғанына қарамастан оны күту қиындық тудырмайды. Қыста қолда бағуды, сапалы азықтандыруды және жылы қораны керек етпейді.  Қожайыны түйесіне жем-шөп таба алмаса босатып қоя береді. Түйе өзі азық табуға қабілетті. Оның ұзын мойыны ағаш биігіндегі жапырақтарды жеуге мүмкіндік береді.


Түйеге міну үшін саты қажет емес. Бір ерекшелігі де осында. Түйенің әр аяғында екі тізе бар. Түйені бүгіп үстіне шығады. Түйе шөлге төзімді ғана емес, сол шөлде сапар шеккенде алыс қашықтықтарға ауыр жүктерді таси алатын жануар. Одан бөлек түйенің еті, сүті, жүні адамға пайдалы. Түйе қазақта да төрт түліктің бірі аталып, жыл санатына қосылған жануар.


Әмина Омарова


Қарағанды облыстық орталық мешіті


 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары