Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Алла елшісінің қару-жарағы мен сауыт-сайманы
12 мамыр, 2015 жыл 214 Басып шығару нұсқасы

 0cf613272e0d-27-1Анас ибн Мәлік: «Алла елшісі қылышының қынабының жиектері күміс болған»-дейді.


Мазайда: «Меккені алған күні Алла елшісі қалаға шықты, оның қылышында алтын мен күміс болды. Талиб өзінің Худадан қылыштың күміс бөліктері туралы сұрағанын айтты, ол: «Қынаптар күміс болды»-деп жауап берген»-дейді.


Ибн Сирин: «Мен өз қылышымды Самра ибн Джундуб қылышының үлгісі бойынша дайындадым, ал ол өз қылышын Алла елшісінікіндей етіп жасағанын айтты. Оның қылышы ханафи болған (яғни бұл қылышты Бани Ханифа тайпасы жасаған. Бұл тайпа өздерінің керемет қылыштарымен аты шыққан болатын)» - дейді.


Зубайр ибн Аввам: «Ұхуд шайқасы болған күні Алла елшісінде екі сауыт болды. Ол жартасқа шыққысы келіп еді, бірақ шыға алмады. Сол кезде Талха отырып, Алла елшісі оның арқасына мініп, жартасқа шықты. Мен оның: «Талха ваджиб» (яғни Жұмақ оған міндетті болатындай іс) жасады»-дегенін естідім»-дейді.


Саиб ибн Язид: «Ұхуд шайқасы болған күні Алла елшісінде екі сауыт болды»-деген.




Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары