Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Алланың сүйікті құлдарына зиян келтіргендердің жазасы
11 мамыр, 2015 жыл 860 Басып шығару нұсқасы

 1334226864Ислам талабы бойынша ешкімге титтей де зиян келтіруге, жапа шектіруге болмайды. Физикалық тұрғыдан – ұрып-соғу, мертіктіру, т.б., моральдық тұрғыдан – жала жабу, кемсіту, өсек айту, т.б. Тақуа адам – сөзі мен ісінен ешкімге зиян келмейтін адам.


Алланың сүйікті құлдары – бұл түрлі дәрежеде Аллаға жақын және Оны таныған, басқалардан гөрі жиі есіне алатын, әр ісінде тек Аллаға тәуекел ететін адамдар. Алла Тағала өзінің сүйікті құлдары жөнінде: «Шынында Алланың сүйікті құлдары қорқу дегенді білмейді және қайғырмайды»-деген. Сондай-ақ Құранда: «Таңертең және күн батарда Аллаға шақыратын және Алланың разылығын алуға ұмтылатындармен бірге төзімді бол»-деген. Бұл аят үнемі мешітке келіп, құшылық жасайтын кедей сахабалар жөнінде айтылған болатын. Имам әл-Ғазалидің «Ихъя» кітабында Алла елшісінің мына сөзі келтіріледі: «Менің қоғамымның Аллаға жақын сүйікті құлдары басқа қоғамдардағы Пайғамбарларға ұқсайды». Бұл әрине дәлме-дәл мағынада емес, Алланың сүйікті құлдарының дәрежесін көрсету.


Пайғамбарымыз Алла Тағаланың мына сөзін жеткізеді: «Менің сүйікті құлыма зиян келтіру арқылы Маған зиян келтіргенге Мен соғыс жариялаймын»! Осы хадистің басқа нұсқасында: «Менің сүйікті құлымды жәбірлеу арқылы Мені кім жәбірлесе, Мен соған соғыс жариялаймын»!


Бұл хадисте маңызды екі дүние бар:


1) Алла Тағала өзінің сүйікті құлдарына келген зиянды өзін тигізген зиян деп атайды. рине құдыреті шексіз Аллаға ешкім зиян келтіре алмайды. Тек өзінің сүйікті құлдарын осылай салыстыру арқылы көтеріп, Өзінің оларға деген махаббатын көрсеткені.


2) Алла Тағала  Өзінің сүйікті құлдарына зиян келтіргендерге соғыс жариялайды. Әр мұсылман Алланың ашуы мен жазасынан ешкімнің құтылмайтынын біледі. Ол үшін адам тәубесіне келуі керек және Алла оның тәубесін қабыл алса ғана кешірілмек.


Мұның бәрі Алланың сүйікті құлдарына ешқандай зиян келтірмеу керектігін, оларға тиіскендерге Алланың қаншалықты ашуланатыны мен қаншалықты жазасы боларын көрсетеді. Өкінішке қарай көп адамдар намаз оқитын, діндар, тақуа адамдарды жамандаудан шаршамайды. Қазір бұл үрдіс біздің қоғамда кең етек алып отыр. Мәселен біреу намазға жығылып, Алланы аузына жиі ала бастаса, біреу әуретін жауып жабық киіне бастаса «сектаға кіріп кеткен», «вахаббист», «молда бола қалыпты» деген сарынды сөздерді анық-қанығына жетпей оп-оңай айта салатын әдет қалыптасты.


Ибн Хаджар аль-Хайтами: «Бұл ауыр күнә саналады. Алла Тағала жеңіл күнә үшін соғыс жарияламаған болар еді. Алла Тағала күнәнің екі түріне соғыс жариялаған: өсімқорлық және Алланың сүйікті құлдарымен жауласу»-дейді. Ендеше адам баласы тұрмақ, жан-жануарға зиян келтіруді құптамайтын дімінізді әрдайым шамшырағымыз етіп, неғұрлым жақсылыққа жақын жүрейік!



Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары