Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Алла елшісінің сахабасы Саид ибн Зайд 
29 сәуір, 2015 жыл 57 Басып шығару нұсқасы

         Ол Исламды ең алғашқылардың бірі болып қабылдаған. Көзі тірісінде Жұмақпен сүйіншіленген. Саид ибн Зайд Дамаск маңындағы соғысқа қатысады. Халық бағынғанда Әбу-Убайда оны Дамаскідегі өкілі ретінде қалдырады. Ол Дамаскідегі мұсылмандардың бірінші өкілі болған. 


Ата-анасы 


         Саидтың әкесі Умар ибн әл-Хаттабтың немере ағасы болған. Зайд Ибрахимнің дінін қолдаған, бірақ біздің Пайғамбарымызға пайғамбарлық түскенше өмір сүрмеген. Саидтың анасы - Фатима, Наджат ибн Малихтың қызы. Зайд Ислам келгенге дейін бір Құдайлық дінін қолдаған. Ол өзінің досы Амирге: "Мен Исмаил ұрпағынан Пайғамбардың келуін күтіп жүрмін"-деген.


         Бірде Саид: «О, Алланың елшісі! Менің әкем саған жетіп сені көргендерге ұқсайды. Егер ол саған дейін жетсе, сенің пайғамбарлығыңа сеніп, соңыңнан ілесер еді.  Алладан оның күнәларының кешірілуін сұрайсың ба?»-дейді. Алла елшісі: «Иә, мен оның күнәларының кешірілуін сұраймын, шынында  ол менің үмметіммен қатар тұрады»-деп жауап береді.


Исламды қабылдауы 


         Саид ибн Зайд Исламды Пайғамбарымыз алғашқы мұсылмандар үшін құпия кездесу жері ретінде 16 жастағы меккелік жасөспірім әл-Аркам ибн Әбу Әл-Аркамның үйін таңдағанға дейін қабылдаған. Саид әйелі Фатима екуі осы шынайы дінге көмектесуге тырысқандардың біріншісі. Саидтың жұбайы Умар ибн әл-Хаттабтың әпкесі болатын. Олардың үйіне Хаббаб келіп, Алла Тағаланың кітабын оқып, шариғат үкімдерін үйреткен.


         Бірде Умар қылышын алып, Алла елшісін өлтіруге бет алады. Оны жолда Нуайм ибн Абдаллах кездестіріп: "О Умар! Қайда бара жатырсың?»-деп сұрайды.  Оның мақсатын білген ол тағы: «Неге сен өз үйіңдегі жағдайды түземейсің?»-дейді.  Умар: «Менің отбасымнан кімді меңзеп тұрсың?»-деп сұрайды.  Нуайм: «Сенің әпкең мен күйеу балаңды айтамын. Олар Мұхаммедтің дініне ілесті»-дейді. Умар өзінің әпкесі мен күйеу баласына қайтып келеді. Олардың үйінде Хаббаб ибн әл-Аратту кішкене қағазға жазылған "Та-ха" сүресін оқып отыр еді. Умар есік қаққанда Хаббаб жасырынады. Фатима бинт әл-Хаттаб сүре жазылған қағазды тығады. Умар үйге жақындағанда Хаббабтың Құран оқып отырғанын естиді. Үйге кірген кезде  сүре жазылған қағазды сұрайды. Зайд пен Фатима өздерінде ештеңе жоқ екенін айтып жоққа шығара бастайды. Умар күйеу баласы Саид ибн Зайданың жерге алып ұрады. Күйеуіне көмектеспек болғанда Умар Фатиманы ұрып, жарақаттайды. Сонда әпкесі: «Иә, біз Исламды қабылдадық, Алла мен Оның елшісіне сенім келтірдік. Білгеніңді істе!»-дейді. Умар өзінің әпкесінің жарақатының қанағанын көріп оны ұрғанына өкінеді. Сүре жазылған қағазды әкелуін өтінеді. Умар оқу, жазу білетін. Сол кезде Фатима: «О ағасы! Сен таза емессің! Оны тек тазаланғаннан кейін ғана ұстауға болады!»-дейді.  Умар әпкесінің көрсеткеніндей дәрет алады. Фатима оған сүре жазылған қағазды береді. Ол оны қиды:  «Шынында, Мен – Алла! Менен басқа құдай жоқ. Маған құлшылық ет және Мені есіңді ұстау үшін намаз оқы»-дейді. Умар: «Қандай керемт сөздер, қандай берекелі!»-деген екен. Осылайша үшеуі Умардың Исламды қабылдауына себепші болады.


Шахид болу ниеті 


         Әбу Нуайм «Әл-Хулия» кітабында Саид ибн Зайдты былай суреттейді:  «Ол шындықты айтатын, мүлкін жұмсайтын және өз нәпсісімен күресетін». Ол соғыстарға қатысып, Пайғамбарды қорғаған. Оны қатардағы солдаттармен салыстыруға болады. себебі атақ-даңққа ұмтылмаған. Оны Дамаскіге өкіл ретінде сайлағанда ол Әбу Убайда ибн әл-Джаррахуға өзін лауазымнан босатуын сұрап хат жазады. Алла жолында шахид болу үшін соғыстың қалың ортасына кіретін. Саид ибн Зайд Умар ибн әл-Хаттаб билігінің кезінде де дүниенің қызығана ұмтылмаған. Соғыстан алған олжасын өзінде жоқ болса да кедей-кепшікке жұмсаған.


Қарағанды облыстық орталық мешіті

Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары