Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Құлдың немересі және ұлы ғұлама
06 сәуір, 2015 жыл 49 Басып шығару нұсқасы

kniga01_bӘбу Ханифа (ан-Нуман ибн Сабит ибн Зута) ханафи мәзһабының негізін салушы. Оның атасы Куфаға құл ретінде сатылған персиялық болатын. Кейін оны өзінің қожайыны босатады. Әбу Ханифаның өз әкесі Сабит дүниеге келгенде атасы құлдықтан еркін болған-ды. Бала кезінде Сабит Әли ибн Әбу Талибен кездеседі. Бірқатар дерек көздерінде Әбу Ханифа Анбарда туылған десе, басым бөлігі 699 жылы (Хижра бойынша 80 жыл) Куфада дүниеге келгенін көрсетеді. Куфада өседі. Оның әкесі мата саудасымен айналысатын ауқатты адам еді. Әбу Ханифа білім алып та, әкесінің кәсібін меңгеріп те үлгереді. Ол сол кездері білім ордаларының бірі болған Куфада оқиды. Бірнеше рет Басраға барып, біршама уақыт аялдап тұрған.  Құранды оқуды Имам Асымадан үйренеді. Ал негізгі тәлімгері он сегіз жыл фикһ ғылымын зерттеген Хаммад ибн Әбу Сүлейман еді. Сонымен қатар Әбу Ханифа Умар, Әли, Ибн Аббас, Ибн Масуд сынды тұлғалардан білім алған табииндер кезеңінің ғұламаларынан да сабақ алады. Тәлімгері қайтыс болғаннан кейін оның орнын басады. Куфа мешітінде сабақ бере бастайды. Оның сабақтарына Ирак, Қорасан, Түркістан, Йеменнен және көптеген араб елдерінен келіп қатысатын. Отыз жыл бойы жалғасқан осы сабақтар уақытында Әбу Ханифа оқушыларының саны төрт мыңға жетеді, олардың қырық шақтысы өз беттерінше фикһ сұрақтары бойынша шешім қабылдай алатын, яғни муджтахидтер атанады.


Әбу Ханифа өмірінің елу екі жылын Омейядтер, ал он сегіз жылын Аббасидтер дәуірінде өткізеді. Екеуінің де билігіне бір кездері әр түрлі себеппен қарсы шыққан ол билеушілер тарапынан қысымға ұшырап, бірнеше мәрте абақтыға да жабылады. Әбу Ханифаның халық арасындағы беделін билеушілер өз мақсаттарына пайдаланбақшы да болады. Ирак билеушісі Язид ибн Умар ибн Хубайра мен соңғы Омеядтық халиф болып тағайындалған Марван ибн Мухаммадтың Иракта қазы және қазынашы болу туралы ұсынысынан бас тартқан ол абақтыға жабылып, қысым көреді. Абақтыдан 748 жылы (Хижра бойынша 130 ж.) шығып Мекеге аттанады. Онда ғылыммен айналысып, Ибн Аббас оқушыларымен кездеседі.


Билікке Аббасидтер келіп, халиф Мансұр билік еткенде қайтадан 753 жылы (Хижра бойынша 136 ж.) Куфаға оралады. Куфаға келген соң қайта сабақ берумен шұғылданған ол Джафар әл-Мансұр мен Әли ұлының арасында дау туғанда Әлидің ұлын қолдап шығады. Халиф Мансұр ғұламаны өз жағына тартпақ болып қазының лауазымын ұсынғанда, Әбу Ханифа қайтадан бас тартады. Осы қылығы үшін тағы абақтыға жабылып, қысым көреді. Ғұлама абақтыдағы қысым салдарынан немесе улану себепті сонда қайтыс болды деген пікір бар. Мұнымен қоса абақтыдан шыққаннан кейін бақылауда болып, сабақ беруге, адамдармен кездесуге тыйым салынған  және 767 жылы (Хижра бойынша 150 ж.) өз үйінді қайтыс болған деген де пікір бар.


Көптеген кітаптарда Әбу Ханифаның Алла елшісінің көп сахабаларымен кездескені, өзінің табииндер буынынан екені, білімімен, діндарлығымен ерекшеленгендігі туралы жеткілікті мағлұмат беріледі. Ол көптеген басқа ғұламалардың жоғары бағасына ие болған. Бірақ «Әбу Ханифа» лақап атына қатысты жеткілікті мәлімет жоқ. Оның бұл лақап аты өзінің шын (Нуман) есімінен жиірек қолданылған. Оның үстіне оның Ханифа есімді ұлы болмағаны белгілі, тек Хаммад есімді ғана ұлы бар. Демек «Әбу Ханифа» лақап аты оның балаларымен байланысты емес. Ибн Хаджар әл-Хайтами «ханифа» сөзі Иракты жазу құралын білдіргенін және сол құралды үнемі өзімен бірге алып жүрген Әбу Ханифа осыған байланысты осы лақап атқа ие болғанын айтады. Ғұлама Шибли Ну’мани «Әбу Ханифа» «Әбу Милляти-ль Ханифа» (тақуа халықтың әкесі) сөзінен қысқартылып алынған дейді. Бірақ жоғарыда аталған пікірлердің ешбірі нақты емес.



Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары