Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Алла елшісінің киім киюдегі сүннеті
20 наурыз, 2015 жыл 479 Басып шығару нұсқасы

BTfZrrQimP0        Пайғамбарымыздың  (с.ғ.с) өзі қандай  сымбатты жан болса, киіну үлгісі де сондай жарасымды, барлық ісі көркем болған. Киім кию үлгісі  де ерекше таңқалдырған. Пайғамбарымыздың жақсы көретін түстері – ақ және жасыл. Қызыл-жасыл түс араласқан киімді, қара түсті киімді де киген. Сәлде, бөрік, тақия, сондай-ақ ұзын көйлек киген. Оның ең сүйікті киімі ұзын көйлегі және асты мен үсті бөлек «әл-Хlуннату» болған. Сахабалар: «Біз Алла елшісінікіндей әдемі қара бұрым мен қызы жамылғыны көргеніміз жоқ»-деген. Сондай-ақ Пайғамбарымыз «джуббу» киген. Бұл жеңі кең, басын жабатын жамылғысы бар үстіге киетін киім.


Пайғамбарымыз киім кию әдебін сақтаған. Алланы есіне ала отырып, киімді оң жағынан, ал шалбарды сол жағынан бастап кигенде: «Менің не күшім, не қуатым жетпейтін осы киімді маған беріп, кигізген Аллаға шүкір»-деп дұға қылатын. Ал жаңа киімді алғаш кигенде Алладан оның  қайырын және жамандықтан қорғауды сұраған.


Жаңа киім киген әлдекімді көргенде Пайғамбарымыз: «Жаңа киім ки, лайықты өмір сүр және шахид болып өт»-деген екен. Адам Алла бұйырғандай әуретін жасыру үшін, әдемілік үшін де жарасымды киінуі абзал. Алла Тағала: «О, Адамның ұлдары! Әр мешіттің қасында (намаз оқығанда, Қағбаны айналғанда) өздеріңнің  әдеміліктеріңді (әурет жерлер) жасырыңдар»-дейді.


Тәкәппарлықсыз, ешкімге көз қылмай әдемі жарасымды киіну керек. Бірде Пайғамбарымыз тым жұпыны киініп алған бір адамды көріп: «Сенде жетерлік дүние-мүлік барма?»-деп сұрайды. Әлгі адам «Иә»-деп жауап береді. Сонда Алла елшісі: «Алла саған байлық берген екен, онда Оның кеңдігі мен мейірімін көруге мүмкіндік бер»-деген екен. Алла Тағала өзінің мейірімділігінің жемісін құлынан көргенді қалайды.


Алла елшісі жаңа киім кигенде ескісін мұқтаждарға беретін болған. Бұл сүннеті. Үйінде үйіп төгіп киім ұстамаған. Бар болғаны санаулы ғана киімі болған, ал кейде кейбір сахабалармен алмастырған. Оның ең бір ерекшелігі барын киіп, жоғын табу үшін қиналмайтын еді. Орташа киінуді құп көріп, тәкәппарлықты ұнатпаған. Алла елшісі: «Кімде кім осы дүниеде киімді танылу үшін кисе, Алла оны Қиямет күнінде төмендетеді»-дейді.


Киім кию үлгісінде әйелдер ерлерлің киім үлгісінен, ерлер әйелдердікінен алыс болғаны, сондай-ақ іс-әрекетте де бір-бірінің істерінен алыс болғаны абзал. Пайғамбарымыз ер адамдарға жібек тен киім киюге тыйым салған.


Пайғамбарымыз әр киімін өзіне шақтап киген. Әйелдердің ұзын, ерлердің қысқа киені дұрыс. Бұл Пайғамбаымыздың сүннеті. Суреті, не жазуы бар киімдерді кигенде де абайлап, не жазылып тұрғанына қараған жөн. Пайғамбарымыз түрлі түстерді ұнатқан. Бірақ ерлердің үстінен қызыл, сары киімдерді көруді аса қаламаған. Ғұламалар бүгін де киім-кешек түсінің адамның мінезі мен көңіл-күйіне әсер ететінін дәлелдеп жатыр емес пе?


Алла Тағала Пайғамбарға: «Өз киіміңді тазала» -деген. Киімді таза ұстау, таза жүру Пайғамбарымыздың сүннеті. Ендеше киінгенде де Пайғамбарымыздың сүннетін сақтап, Алланың сүйген құлдарының қатарында болайық.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары