Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Мұсылман бауырына сырттай дұға етудің артықшылығы
18 ақпан, 2015 жыл 96 Басып шығару нұсқасы

66ae3b44df0a37556f92af7ffea3bf83_L


Біз бес уақыт намазда, басқада құлшылықтарымызда, Жаратқанға жалбарынып дұға жасаймыз. Сол дұғалардың ішінде тез қабыл болатын дұға, бауырыңа сырттай жасаған дұға. Осыған байланысты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) : «Ең жылдам қабыл болатын дұға – бір мұсылман екінші мұсылман бауырына сырттай еткен дұғасы», - деді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) –ның: «Мұсылман – мұсылманға бауыр» , деген де хадисі бар. Осы хадиске сүйене отырып жоғарыда айтылған «Бауыр» - сөзінде, туысқандық жақыны ғана емес, сонымен бірге барша мұсылмандар айтылып тұрандығын түсінеміз. Біз құлшылығымызда өзімізге ғана емес, өзге мұсылмандарға да дұға жасап, Алладан жақсылық тілеуіміз керек. Бір адам Пайғамбарымыз (с.ғ.с) - ның жанында тұрып: «Уа, Алла Тағала! Менің және Мұхаммед (с.ғ.с) – ның күнәсін кешіре гөр», деп дұға еткенде, Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Мұның не? Алланың жарылқауын адамдардың көбісінен бөліп қойдың ғой», - деді. Яғни: «дұға тілегенде өзгелер үшін де тілемейсің бе?», - деген.


Сафуан ибн Абдулла ибн Сафуан (р.а) айтады: «Мен Шамға келіп қайынжұртымның үйіне барғанымда, үйдегі Әбу Дарда (р.а) менен: «сен қажылыққа барайын деп жатырсың ба?», - деп сұрады,


-Иә дедім.


-Олай болса Алла Тағаладан біз үшінде жақсылық тілеп қой. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.ғ.с): « Бір мұсылманның бауыры үшін сырттай еткен дұғасы қабыл. Ол бауырына бір жақсылық тілеген уақытта жанындағы періште: «Әмин! Саған да сол болсын», - деп тілеп тұрады», - деген.


Алла Тағала Баршамыздың дұға-тілектерімізді қабыл етіп, екі дүние бақытына бөлесін.


 


Абай ауданының найб имамы: Смағұлов Жасұлан Манапұлы



 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары