Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Адал  кәсіптің  харамға  айналуы
03 ақпан, 2015 жыл 39 Басып шығару нұсқасы
ер токым   Халифа  Әбу  Бәкір (р.а) – мешітке  келіп, намаз оқып  шыққанға  дейін  бір  кісіден есегін ұстай  тұруын  өтінеді. Абу Бәкір (р.а) ол  кісінің  ақысы ретінде намазын  өтеп келгеннен  кейін 200  дирхам  бермекші болады. Әлгі  Есекті ұстап  тұрған  кісі есектің  әдемі жүгенін  шешіп алып,  ұрлап  кетеді. Абу Бакір (р.а) жүгенсіз  есегін  көріп, ұлын  базарға  жүген  сатып  ал деп   жібереді. Баласы базарға  барса,  әлгі есектің жүгенін ұрлаған адам  жүгенді  200 дирхамға сатып  тұр  екен. Абу Бәкір (р.а) – дың ұлы  ол  адамға  200 дирхамды  беріп  жүгенді  сатып  алады. Жүгенді  ұрлаған  адам  сәл  сабыр  етіп, аманатқа  қиянат  жасамағанда, еңбегі ретінде  халал  жолмен  сол  200  дирхамды  алар еді. Ал  енді  жүген  ұрланған болғандықтан,  ол адамның сауда жасағаннан тапқан    ақшасы да  харам болды.

Сайтқа дайындаған: Абай аудандық мешітінің наиб имамы Жасұлан Смағұлов

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары