Бірде Пайғамбарымызбен(с.ғ.с) Муғаз ибн Жабал(р.а.) алыс сапардан жол жүріп келе жатқанда Муғаз ибн Жабал(р.а.) Пайғамбарымыздан(с.ғ.с) : «Я Расулалла(с.ғ.с.)! Маған бір өсиет айтыңызшы, сол өсиетпен амал қылып екі дүниеде де пайдасын көрейін»-деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз(с.ғ.с.): «Егерде бұл дүниеде бақытты, өлгенде шейіт, қияметтің қорқынышынан құтылып және тура жолда болуды қаласаңдар Құранды үзбей оқыңдар. Шындығында, ол Рахманның сөзі. Құранды оқып, шайтаннан қорғаныңдар» -деп өсиет айтады.
Басқа бір хадисте: «Менің (с.ғ.с.) үмметімнің құлшылығы Құранды оқығанымен абзал болады»- деді.
Абу Һурайрадан(р.а.) жеткен хабарда: «Пайғамбарымыздың(с.ғ.с.) заманында бір кісі қайтыс болады. Пайғамбарымыз(с.ғ.с.) намазын шығарайын деп жатқанда кебін ішінен өзгеше қимыл байқалады. Кебінді ашып қараса, ішінде бір жылан мәйіттің етін жеп, қанын сорып жатыр екен. Жыланды көрген Абу-бакр сиддық(р.а.): «Өлтіремін» - деп ұмтылады. Сонда жылан Абу-бакрге (р.а.): «Менің еш күнәм жоқ болса да өлтіресің бе? Өз қалауым емес, маған осындай бұйрық келді. Қияметке дейін осылай жаса деген Раббымның әмірі»-дейді. Абу-бакрге (р.а.):
Жылан:
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жәннатқа кіргенімде есіктердегі үш жазуды көрдім.
Біріншісі - «Лә иләһә иллалла Мухаммад расулалла». Екіншісі - «Алдыңғы істеген амалдарымызды таптық, жаманшылықтарымыздың есебін көрдік».Үшіншісі - «Күнәһар үммет мейрімді Алла»
Бұхар жырау аудандық мешітінің бас имамы: Аманбол қажы Мукаев
Пікірлер