Тілдік нұсқа
Радио

мақала

 Көркем мінез иесі - Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с)
20 қаңтар, 2015 жыл 37 Басып шығару нұсқасы

10941016_1531203860499006_4495355292517394562_nАдам бойындағы нашар мінездерден арылуға, теріс іс-әрекеттерге бармауға барынша жақсы амал етуге шақыратын  Ислам діні екені хақ.


Алла Тағаланың  Пайғамбарларды  жіберуіндегі хикметтердің  бірі адамдарға  жол  көрсетіп, өнеге  боларлық  кәміл  тұлға  екендіктері. Қасиетті Құранда Алла Тағала  былай баяндайды: «Бүкіл пайғамбарларды  Алланың  қалауымен  мойын  ұсыну  үшін  ғана  жібердік».  (Ниса  сүресі  64-аят)


Алла  Елшісі адамзатты  адал дінге  шақыра отырып, өз  бойындағы көркем  мінезімен,  іс – әрекетімен барша адамдарға үлгі  боларлықтай  өнеге  қалдырған. Бұл  турасында  Құранда  Алла Тағала  былай деген: «Шын мәнінде  сендер  үшін  Алла  мен  ақыретке  қауышуды  үміт  еткендерге  және  Алланы  көп  зікір  еткендер  үшін Расулұллада  көркем  өнеге  бар». (Ахзаб  сүресі 21 – аят)  Міне осылайша  Алла Тағала ізгілікке  ұмтылғандар  үшін  Пайғамарымыздың  (с.ғ.с) бойында  үлгілі  өнеге  бар екендігін  баяндайды.Тарихта бүкіл  өмірі  егжей-тегжей  қарастырылып  зертелген  жалғыз  адам әрі  жалғыз  пайғамбар – Хазіреті  Мұхаммед  Мұстафа  (с.ғ.с) . Оның  әрбір іс – әрекеті мен  сөзі жазылып, тарихта  терең  із  қалдырған. Оның өмірі  қияметке  дейін  келетін  ұрпақтарға  сарқылмас  өнеге болып қалмақ.


Пайғамбарымыз (с.ғ.с)  қиын – қыстау  кезеңдерде  сабыр  сақтап, Алланың  белгілеп берген тағдырына, сынақтарына төтеп берді. Отбасына  көрсеткен  мейірімділігі, әлсіздерге,  жетім – жесірлерге,  құлдарға  рақымдылығы адамзат атаулысына  үлгі-өнеге бола білді.


Қадірлі ағайын, Алланың  шынайы  әрі ізгі  құлдарынан  боламыз  десек, ардақты  Пайғамбарымыздың(с.ғ.с)   өмірінен  өнеге  алайық. Алла ұлық! Пайғамбарымызға(с.ғ.с.) салауаттар болсын!


 Абай ауданының  наиб  имамы: Смағұлов  Жасұлан  Манапұлы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары