Мұхаммед Пайғамбар хадисінде: «Мені кім жақсы көрсе, Алланы жақсы көргені. Менің алдымда кім кінәлі болса, оның Алла алдында кінәлі болғаны»-дейді. Ендеше сүйікті Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) туған-туыстарын жақсы біліп алайық.
Мұхаммед Пайғамбардың ата-бабасы
Алла елшісінің ата-тегі: әкесі Абдулла, атасы Әбдімүтәліп, Хашим, Абдуманаф, Кусайю, Килаб, Мұрат, Каабу, Луайю, Галиб, Фихр, Малик, Назар, Кинанат, Хузаймат, Мудрикат, Ільяс, Музар, Низар, Муаадди, Аднан.
Пайғамбарымыздың анасы Әмина Вахбтың қызы. Вахб Әбдіманаптың ұлы, Әбдіманап Зухраттың ұлы, Зухрат Килабтың ұлы. Пайғамбарымыздың әкесі мен анасы жағынан тегі осы Килабта түйіседі.
Мұхаммед Пайғамбардың әкесінің аға-бауырлары
Пайғамбарымыздың әкесі Абдулланың 11 бауыры болған. Олар: Харис, Кусам, Зубайр, Хамзат, Аббас, Әбу Талиб, Әбу Лахаб, Абдул Кааба, Хаджл, Зирар, Гайдак. Олардың екеуі Хамзат пен Аббас Исламды қабылдаған.
Мұхаммед Пайғамбардың әкесінің әпке - қарындастары
Пайғамбарымыздың әкесі Абдулланың 6 қарындасы болған: Байза, Баррат, Атикат, Сафият, Арва, Умаймат. Олардан Сафият пен Атикат Ислам дінін қабылдаған. Кейбір ғұламалар Арва да Исламды қабылдаған дейді.
Мұхаммед Пайғамбардың балалары
Алла елшісінің үш ұлы, төрт қызы болған: Касим, Зайнаб, Рукия, Фатима, Үммі-Гүлсім, Абдулла, Ибраһим.
Мұхаммед Пайғамбардың сүт бауырлары
Алла елшісінің сүт бауырлары: Масрух, Хамза бин Абдульмутталиб, Әбу Салама бин Абдуласад әл-Махзуми Абдулла бин әл-Харис, Хузафа, Анисат бинт әл-Харис.
Мұхаммед Пайғамбардың сүт аналары
Сувайбат, Хавлат (Мунзирдің қызы), Умму Айман, Халима (Саад тайпасынан).
Алла елшісінің жұбайлары
Хадиша, Савдат, Аиша, Хафсат, Умму Сальма, Умму Хабиба, Сафия, Зайнаб бинт Джахш, Маймуна, Райханат, Хавлат, Зайнаб бинт Хузайма, Марият.
Көзі тірісінде жұмақпен сүйіншілеген сахабалар
Әбу Бәкір, Умар, Усман, Әли, Тальхат, Зубайр, Сааду, Саид, Әбу Ұбайда, Әбдуррахман бин Авф. Бұлардан бөлек Алла елшісі Хадишаны, Фатиманы, Хасан мен Хусейнді, Ибн Масудты, Укаматты және басқаларды жұмақпен сүйіншілеген.
Әмина Омарова
Қарағанды облыстық орталық мешіті
Пікірлер