Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с) балалық шағы
06 қаңтар, 2015 жыл 1191 Басып шығару нұсқасы
детство Пророка Пайғамбар(с.ғ.с)   туылатын жылы Йемен билеушісі Абраха Қағбаны бұзбақ ниетпен үлкен әскер жиып келеді. Әскердің соғысқа үйретілген көп пілі болатын. Әскер Меккеге жақындағанда пілдер алға бір қадам аттап баспай қояды. Пілдер басқа бағытқа оңай жүргенімен, дәл Қағба жаққа қарай қанша айдаса да жүрмей қояды.          Алла Тағала Абраханың әскеріне құстарды жібереді. Құстар оның әскеріне тас жаудырып, қысқа уақытта қатты береді. Бұл оқиғаны Алла елшісінің туылуымен байланыстырады. Бұл оқиға туралы Құранда айтылған.

Пайғамбарымыз(с.ғ.с)    бала кезінде жетім қалады. Осылай жаратушы Алла барлығына Пайғамбарының ешкімнің тәрбиесіне мұқтаж еместігін көрсетсе керек. Ол Оның ерекше Пайғамбар(с.ғ.с)    екенін және оның дүниеәуи мақсаттары жоқ екенін анық дәлелдейді. Оның мақсаты тек Алланың дінін тарату, насихаттау болатын.

Ол кездері арабтар жас балаларын дені сау, шымыр болуы үшін бедуин тайпасының әйелдеріне емізуге беретін. Бедуиндер тұратын жердің табиғаты жайлы, ал Меккеде аптап ыстық болатын. Мұхаммед Пайғамбарды(с.ғ.с)    өзінің анасы Әмина және сүт аналары Сувайбат, Мунзирдің қызы  Хавлат, Умму Айман, Халима емізген. Бәрінен көп емізгені Халима. Сол үшін ол көп жақсылыққа ие болған да. Мұхаммед Пайғамбарлықты(с.ғ.с)    алғаннан кейін Халима Исламды қабылдайды. Халима Мұхаммедке келгенде ол орнынан тұрып, үстіндегі шапанын шешіп жерге жайып жіберіп, сүт анасын соған отырғызып құрмет көрсетеді екен. Мұхаммедті емізген уақытында Халиманың отбасында тек жақсылықтар болған, төрт түлігі сай болып, әулетінен әлдекім ауырып қалса кішкентай Мұхаммедтен  шипа табатын. Құрғақшылық кезінде олар кішкентай Мұхаммедті далаға алып барып Жаратқаннан жаңбыр сұрайтын, сол кезде Жаратқан Мұхаммед үшін оларға жаңбыр жаударатын.

Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары