Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Алла елшісінің құпияларын сақтаушы Анас ибн Мәлік әл-Ансари
25 желтоқсан, 2014 жыл 69 Басып шығару нұсқасы

59382159-C925-481C-9BFD-C98F495C89C3_mw1024_n_sАнас ибн Мәлік ибн Назар әл-Хазражи әл-Ансари – Алла елшісінің ұлы сахабасы. Медине қаласында дүниеге келген ол Исламды бала кезінде қабылдаған. Мұхаммед Пайғамбар оны Әбу Хамза деп атаған.  Ол он жасынан бастап Алла елшісінің үйінде қызмет етіп, ұзақ ғұмырында 2286 хадис жеткізген.


Анас ибн Мәлікті анасы қолынан жетектеп Пайғамбардың үйіне алып келіп: «О Алланың елшісі барлық ансарлар саған сый жасады. Менің саған сыйға тартар еш дүнием жоқ. Менің ұлымды ал, ол саған қызмет етсін. Қалауыңша оған дұға ет»-деген екен. Сонда  Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Анастың маңдайынан сүйіп: «О Алла оның ұрпағын көбейтіп, жақсылықпен жарылқа және жұмаққа кіргізе гөр»-деп дұға етеді. Сахабаның сексен ұлы мен Хафса және Умму Амр есімді екі қызы болған. Ол қайтыс болғанда балалары мен немерелерінің саны жүз жиырмаға жеткен деседі.


Анас: «Алла елшісіне он жыл қызмет еттім. Ол мені берде-бір рет ұрып не ұрысып көрген емес»-дейді.


Шайқастар



Мухаммад ибн Абдулла әл-Ансари: «Анас ибн Мәлік бала кезінде Пайғамбарға (с.ғ.с) қызмет етіп жүріп, Онымен бірге Бадре жанындағы шайқасқа қатысты»-дейді.


Анастың өзі: «Мен Пайғамбармен (с.ғ.с) бірге Худайбии жанындағы шайқасқа қатыстым, Онымен бірге кіші қажылық-Умраны, үлкен қажылықты өтедім, Меккені алған Хунайна, Таиф, Хайбар қасындағы шайқастарға қатыстым»-дейді.


 Исхак ибн Усман: «Мен Мұса ибн Анастан Пайғамбардың неше рет шайқасқа түскенін сұрадым. Ол жиырма жеті шайқаста болғанын, сегізінде бір ай мұғдарында, он екісінде бірнеше күн өткізгенін айтты. Содан кейін Анас ибн Мәліктің неше шайқасқа қатысқанын сұрадым. Ол оның сегіз шайқасқа қатысқанын айтты»-дейді. Анас ибн Мәлік мерген жауынгер болған.


 


Білімі



Катад: «Анас ибн Мәлік қайтыс болған күні Маврук білімнің жартысы кеткенін айтты. Одан нені меңзеп тұрғаны туралы сұрадық. Ол сонда хадистер туралы келіспеушіліктер бола қалса біз сол хадистерді Пайғамбардың өзінен естіген адамға, яғни Анас ибн Мәлікке баратын едік деп жауап қатты»-деген екен. Анас ибн Мәлік өзінің балаларына: «О балаларым Алланың кітабымен білімдеріңді бекітіңдер»-деп өсиет қалдырыпты.



Сәбит Анас ибн Мәлікке келіп мынадай сұрақ қойған екен:



– Сенің көздерің Алла елшісін көрді ме?



Анас ибн Мәлік: «Иә!».



Сәбит оның көзін сүйеді.



– Сен Пайғамбардың (с.ғ.с) жұмыстарымен жүрдің бе?



– Иә!



Сәбит оның аяғын сүйеді.



– Сен Пайғамбардың (с.ғ.с) қолына су құйдың ба?



– Иә!



Сәбит оның қолын сүйген екен.




Өлімі



Оның қайтыс болған уақыты туралы әр түрлі нұсқа айтылады. Бір нұсқасында хижраның 90 жылында дүние салған десе, енді бірінде 92 не 93 жыл делінеді. Ол 103 жыл ғұмыр кешкен. Басқа бір деректерде 110 не 107 жыл делінеді. Басрадан  төрт шақырым жердегі Таиф елдімекенінде қайтыс болып, сол жерде жерленген.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары