Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Сәлим ибн Абдұллаһ ибн Омар
30 қыркүйек, 2014 жыл 358 Басып шығару нұсқасы

muslim islam prayer 3060x2362 wallpaper_www.knowledgehi.com_6Амалды ғалым
«Бұрын өткен салихалы тұлғаларға ғибадатта, білімде және өмір сүруде дәл Сәлим ибн Абдұллаһ сияқты ұқсайтын адам болмады»
(Имам Мәлік)
Әмирүл-мүмин Омар ибн Әл-Хабаттың ұлдары көп еді. Бірақ ешқайсысы Абдұллаһ сияқты әкелеріне тартқан емес еді. Сол сияқты Абдұллаһтың да балалары көп болды. Оған қатты тартқаны Сәлим болды.
Осы Әл-Фаруққа тартқан, әсіресе оған дін мен білімде, мінез бен әдептте ұқсаған Сәлимнің өмірінің басқа қырларына үңілейік. Сәлим ибн Абдұллаһ таза қала – «Тайбаһта», яғни Мәдинеде өмір сүрді. Ол кезде Тайбаһ қаласы гүлденген ең бай қалаларының бірі еді.Үмәйяһ әулетінің Халифаһтары бұл шаһарға адамның ойына келмейтін қаржы жұмсап, көмек көрсетуден шаршамайтын. Қаланың рызығы шет жерлерден суша ағылып жататын.
Бірақ басқалар сияқты Сәлим бұл байлыққа қызыққан да, көз тастаған да жоқ. Пәни дүниеге қызығып, басқалар мастанғандай масаттанбайды. Адамдардың қолындағылардан бас тартып, Аллаһтың жанындағылардан бас тартып, Аллаһтың жанындағы сауаптарды талап етті, өткінші дүниеден бас тартып, кейінге қалдырылған ақыретті тіледі.
Үмәйяһ әулетінің Халифаһтары оны басқалар сияқты сый-сияпатқа кенелдіріп, байлыққа белуарына дейін батыруға тырысты. Олардың бергендерінен бас тартып, дүние –мүлікті көк тиынға керек етпеді.
Бір жылы Сүлеймен ибн Абдүлмәлик Меккеге қажылық жасауға келді. Алғашқы келгенде жасайтын «құдум» тауафын жасап жүріп, Кәғбаның алдында дүниеден бейхабар, барық жан-тәнімен Құран оқып отырған Сәлимді көрді. Оның көз жасы екі бетін жауып жатыр. Тіптен оның көзінің арғы жағында көз-жастан жиналған теңіз бардай. Тауафын бітірген Халифаһ екі рәкат тауафтық сүннет намазын оқып, Сәлим отырған жаққа жүрді. Адамдарға жол ашты. Сәлимнің қасына келіп, тізесіне тізесін тигізіп отырады. Сәлим оның келгеніне көңіл аударған да жоқ, сезбеген еде шығар. Өйткені ол Аллаһ Тағаланы еске түсіріп, мінәжатқа терең бойлап кеткен еді. ХалифаҺ ол қашан көз жасын тиып, Құран оқуын тоқтатар деп көзінің қиығымен бағып отырды.
Онымен сөйлесуге мүмкіншілік туғанда оған:
Әссәләму алейкум, Әбу Омар! - деп сәлем берді.
Алейкумүс-сәләм уа рахматұллаһи уа бәракатуһ! –деп жауап берді.
Әбу Омар, керегіңіз болса, айтыңыз, - деді Халифаһ бәсең дауыспен. Сәлим оған жауап бермеді. Халифаһ оны естімей қалды деп, құлағына жақынырақ еңкейіп;
Сіз мұқтажыңыз болса, соны өтейін деп едім,-деді. Сәлим сонда:
Уаллаһи, өзім Аллаһтың үйінде отырып, басқа біреуден сұрауға ұяламын, деді. Халифаһ ұялып, не дерін білмей қалды. Бірақ орнынан тұрмай отырды.
Намаз бітісімен, Сәлим орнынан тұрып, көлігіне қарай беттеді. Айналасына адамдар топталып, бірі Пайғамбар (с.а.у) хадистері жайында сұрап, бірі діни мәселеде фәтуа алып, бірі дүние істерінде ақыл сұрап, бірі дұға етуге өтініш жасап жатыр. Оның соңынан ілесіп келе жатқандардың бірі – Халифаһтың өзі еді. Халифаһты көрген адамдарға оған жол ашты. Тез жүріп жетіп алған Халифаһ Сәлимге:
Ал енді, Әбу Омар, мешіттің сыртына шықтық, арызыңызды айтыңыз, орындайық, -деп құлағына сыбырлады.
Дүниенің керегі ме, әлде ахиреттің бе? – деп сұрады ғұлама. Халифаһ кідіріп қалды.
Әрине, дүниенің, -деп жауап берді.
Мен дүниенің керегін қолында тұрғаннан сұрамай, қолында жоқтан қалай сұрайын? Халифаһ қатты ұялып, қоштасып, атының басын басқа жаққа бұрды.
Әл-Хаттаб әулеті тақуалық пен діндарлықта қандай абыройлы! Аллаһ Тағаланың разылығынан артық ешнәрсе керек емес сендерге! Сендер сияқты әлеуметке Аллаһ берекесін берсін! – деп, кетіп бара жатыр екен.
Одан бір жыл бұрын қажылыққа Уәлид ибн Абдүмәлик барған еді. Адамдар Арафаттан шығып, Мүздәлифаға қарай беттегенде, Халифаһ Сәлимді ихрам киімінде көріпті. Сәлем беріп, дұға қылады. Ашық денесін көріп, кемел пішініне, бұлшық еттерінің болаттай шымырлығына қызығып:
Әбу Омар, сіздің денеңіз неткен керемет. Қалай тамақтанасыз? – деп сұрайды.
Нан мен май, табылса кейде ет, - деп жауап берді шәйх.
Нан мен май ғана ма?
Иә
Қалай шығып кетпейсіз? Тәбетіңіз соны ғана қалай ма?
Егер тәбетім қаламаса жемеймін. Қарның ашқанда, тәбетің болады ғой.
Сәлим атасы Әл-Фәруққа пәни дүниенің өткінші қызықтарынан безіп, тақуалыққа берілуде ғана емес, салдары ауыр, жазасы қиын болса да шындықты бетке айтуда да ұқсайтын еді.
«Тәбғиндер» кітабынан үзінділер алынды.

 

 

 


 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары