Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Сіз пітір садақа беруді ұмытпадыңыз ба?
07 шілде, 2015 жыл 1145 Басып шығару нұсқасы

finiki




  • Нұржамал апа, көміріңізді мен әкеліп берейін. Жалғыз өзіңізге күнде шелекпен тасу ауыр болады ғой.

  • Жоқ. Еш қиындығы жоқ. Мен күніне бір рет қана от жағамын. Соның жылуы күнұзаққа сақталады. Осында келгелі бойымдағы жылу тарқаған емес.


Нұржамал апаның үйіне күн сәулесінің нұры түсіп жарқырап тұр. Бір ошағы мен шай ішетін столы бар тар бөлме бұл жолы өте кең әрі жылы көрінді. Апамның өзі мәз. Жүзіне күлкі уйірілген. Жаны тыныш, ешқандай ауру мазаламай, уайым-қайғыдан азат көрінді. Қайта-қайта «маған осы жер ұнады» дей береді.


Осы сөздерді естіп жатып оянып кеттім. Барлығы да түсім екен. Тұра сала апамның жайдары жарқын жүзін көргеніме қуанып, жаны жәннатта екен деп топшыладым.


Нұржамал апа өткен жылы ораза кезінде дүние салды. Барлық ағайын туыс жылап-сықтағанда менде жеңіл сезім болды. Апамның рамазан айында дүние салғанына іштей жұбаныш сездім. «Рамазан айында мерт болғандар – шейіттер қатарына кіреді» дегенді естігенім бар еді. Сондықтан болар, тосын келген ажал мені аса қорқыта қоймады.


Арада жыл өтті. Ораза басталды. Пітір садақа беру керек. Әдеттегідей, пітірді қай кезде берген дұрыс деген сауал мазалады. Осы сәтте Нұражамал апамның әрекеті есіме түсті. Ол кісі жылда ораза бастала салып алғашқы күні пітір беретін. Мен пітірді ай соңында берген дұрыс, айт басталғанда мешітке қаржылай қолдау болады деп түсінетінмін. Апама да осыны айтып, райынан қайтарғым келетін, тіпті ашуланатынмын. Биылғы рамазанның алғашқы күні пітір садақа беру туралы хадис естідім. Ораза тұтқан адам пітір бермесе, тұтқан оразасы аспан мен жердің ортасында қалып қояды екен. Пітір садақаны бермесем, тұтқам оразамның қабыл болмайтыныдығын түсіндім. Әрі оны ертерек берген абзал екенін ұқтым. Уақытында апатайымның істеген амалдарының дұрыстығына көзім жетті. Бүгінгі түс осыған нақ дәлел іспетті.


Мен қазір-ақ мешітке барып, пітір садақамды беріп келемін. Ал, Сіз ұмытып кетпедіңіз бе?




Кәусар Сабыр

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары