Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Облыс бас имамы алғыс айту күнімен құттықтады
01 наурыз, 2023 жыл 131 Басып шығару нұсқасы

   Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Алғыс айту күні – ортақ тарихымызға көрсетілген құрметтің, бүкіл қазақстандықтардың өз шаңырағына айналған киелі қазақ жеріне деген ризашылықтың белгісі.

Әрқайсымыздың жүрегімізде ортақ жетістігімізге – өркендеп келе жатқан елімізге деген мақтаныш пен ризашылық сезімі ұялай берсін!

Бізді жоқтан бар еткен Аллаға сансыз шүкірлер болсын!

Сіздерге риясыз ризалық ниетімді жеткіземін. Қадірлі жамағат! Хадистердің бірінде: «Кім сендерге жақсылық жасаса, оған сыйлық беріңдер. Егер берер сыйлық таппасаңдар, ол үшін дұға жасаңдар» делінген. 

Алла Тағала халқымызды түрлі сынақтан сақтап, жақсылығын жаудырғай. Әмин!
Әр отбасыға бақ-береке, елімізге татулық пен тыныштық тілеймін!

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай АЙТУҒАНҰЛЫ

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары