Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Рамазандағы ризық
29 маусым, 2015 жыл 16 Басып шығару нұсқасы

ramazan_ayi-1280x800Рамазан – бұл Алла Тағаланың әр құлын ерекше мейірімге бөлейтін, ерекше береке сыйлайтын айы. Рамазан – жақсылық жасауға ең жақсы мезгіл, Тозақтан алыстап, Жұмаққа жақындауға жол ашатын мерзім. Жалған, жасанды дүниедегі жалғыз қасиетті, берекелі ай.


Рамазан айында Алла елшісінің ізімен жүруге, Құран мен түнгі құлшылыққа ден қоюға баса көңіл бөлінеді. Алла Тағала біздің осы айда басқаның бәрін ысырып, қасиетті Құранға ден қойғанымызды, Алла елшісінің жолына тереңірек үңіліп, тағылымын сіңіргенімізді, шындыққа жақындау үшін түнгі құлшылықтарды көбейткенімізді қалайды.


Қасиетті Құран


Алла Тағаланың ғажайыбы – қасиетті Құран Кәрім – біздің осы сынақ әлеміндегі ең ұлы кітабымыз. Құранды оқып-үйрену – бұл ұлық іс. Алла елшісі Құран Кәрім туралы былай деген: «Қасиетті Құран – бұл адамды барлық бүліктен қорғайтын ұлық сөз. Онда сендердің бабаларың мен ұрпақтарыңның күйі, адамдар арасында орын алатын оқиғалар туралы мәліметтер бар. Ол шындықты адасудан бөліп көрсетеді. Бұл Алла Тағаланың мықты арқаны, Оның құдыретін жырлау және тура жол. Онымен байланысқан адам адаспайды, ауызы жаңылыспайды. Ғұламалар оған тоймайды. Ол неше рет қайталанса да жаңалығын жоғалтпайды. Оның адамдарды таң қалдырар ерекшеліктері таусылмайды. Оны естіп жындар «Шынында біз ғажап Құранды естідік»-деген (әл-Джинн» сүресі, 72/1).


«Құранға сүйенген адам әрдайым шындықты айтады. Оны басшылыққа алғандар мақсаттарына жетеді, әділ болады. Құранды күнделікті өмірімен байланыстырған адамға сый бар, оған шақырушылар ең дұрыс жолды таңдайды» -дейді  (Тирмизи).


Алла елшісі мен оның шәкірттерінің ең маңызды ісі Құранды оқу, түсіну және түсіндіру болған-ды. Ал олардың ең үлкен арман, тілегі – осы қасиетті кітапты қайта-қайта оқу, есту еді. Ал Рамазан басқа айлармен салыстырғанда мың сан сауап жазылатын берекелі ай.  Сондай-ақ, Абдулла бин Аббас:


«Рамазан айында Жәбірейіл біздің Пайғамбарымызбен кездесетін, олар Құран оқитын»-деген. Міне осы себепті де біз бұл айда Құранға баса көңіл бөліп, оны оқуға күш салуымыз қажет. Себебі Құран – шындық бұлағы.



Алла елшісінің үлгісі


Алла елшісі күнделікті тірлігінде Құраннан бір елі ажырамаған. Алла Тағала адам баласына Өзінің Пайғамбарынан үлгі алуды бұйырады: «… Алла елшісінің бергенін алыңдар және оның тыйым салғанынан тартыныңдар» -дейді («әл-Хашр» сүресі, 59/7).


Келесі бір аятта: «О сенім келтіргендер! Аллаға және сендерге өмір (мәңгілік» беретін іске шақырғанда Алланың елшісіне бойұсыныңдар! Алланың адам мен оның жүрегінің (ниеті) арасында тұратынын және өздеріңнің Оның алдына баратындарыңды біліңдер» - дейді («әл-Анфал» сүресі, 8/24).


Яғни, Алла елшісінің әр сөзі біздің жан тыныштығымыздың нәрі болмақ. Сондықтан қасиетті Рамазан айын оған жақындаудың ерекше сатысы ретінде қабылдау  қажет. Алланың елшісі – ұлы тұлға. Дін мектебінің ең жоғарғы ұстазы. Ол әр сәтте өз үмбеті үшін Алладан береке сұрап, тәубе еткен Пайғамбар.


Түнгі құлшылық


12 айдың арасында Рамазан 24 сағаттық тәуліктегі таң сияқты. Алла Тағаланың тақуа құлдары осы ерекше мезгілдерде құлшылық қылуға баса көңіл бөлген. Себебі түнгі құлшылықта барақат бар.


Қасиетті Рамазан айының түндері ерекше. Қасиетті хадистердің бірінде олардың маңыздылығы туралы: «Рамазан түнін сеніммен және Алланың мейірімділігіне үміттеніп өткізген адамның бұрынғы күнәлары кешіріледі» - делінген (Бухари, «Тарауих», 46). Ендеше Рамазан айындағы осынша ризықтан құр қалмайық.



Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова



Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары