Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Рамазанның бес сыйы
28 маусым, 2014 жыл 352 Басып шығару нұсқасы

Жабир ибн Абдуллаһ (р.а) Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) былай айтқанын риуаят етеді:


– Үмметіме Рамазан айында бұрынғы пайғамбарлардың үмметтеріне берілмеген бес нәрсе берілді:


Біріншісі, Рамазан айының алғашқы түнінде Аллаһ оларға мейірімімен қарайды. Аллаһ кімге мейірімімен қараса, оны ешқашан азапқа салмайды.


Екіншісі, аузы берік адамның аузынан шыққан иіс Аллаһ үшін миск әтірінен де тамаша.


Үшіншісі, періштелер ораза ұстағандардың күнәларының кешірілуіне Аллаһқа күні-түні дұға етеді.


Төртіншісі, Аллаһ сол күні Жұмаққа: “Ей Жұмақ, құлдарым үшін әзірлен. Дүниенің қиындықтарынан арылып Менің құзырыма келулері жақындады.” деп әмір етеді.


Бесіншісі, Рамазанның соңғы түні келгенде, Аллаһ ораза ұстаған барлық құлдарын кешіреді.


Сонда сахабалардың бірі:


– Ей Аллаһтың Елшісі, бұл түн Қадір түні ме?,- деп сұрады. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с):


– Жоқ, -деп, – сендер білмейсіңдер ме, жұмысшылар күні бойы жұмыс істеп, жұмыстары біткен уақытта еңбекақыларын алмаушы ма еді?,- деп жауап берді.


(әт-Тәрғиб уәт-Тәрһиб,)


Источник: Ғибратты әңгімелер





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары