Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Рамазан-Құран түскен ай
26 маусым, 2014 жыл 945 Басып шығару нұсқасы

Құран Кәрім Алла Тағаланың мұғжиза сөзі. Нәбилердің соңғысы Мұхаммед мұстафа (с.ғ.с.) – ға уахи арқылы Жәбірейіл (ғ.с) –ның жеткізуімен түсірілген. Қасиетті Құранда Алла Тағала: «Нұхқа және одан кейінгі пайғамбарларға уахи еткеніміздей сағанда (Мұхаммед) уахи еттік. Ибраһимге, Исмайылға, Исхаққа, Яқубқа, Яақуптың ұрпақтарына, Исаға, Айуб, Юуныс, Харун, және Сүлейманға да уфхи еттік. Дәуітке Забурды бердік» (Ниса сүресі 163 аят).Оқылуы ғибадат саналатын Алла Тағала тарапынан түскен ұлық кітап. Алланың кәләмі мұсылмандар үшін тура жол көрсетуші қасиетті Құран Кәрім айлардың сұлтаны болған Рамазан айында түсірілген. Бұл турасында Алла Тағала: «Рамазан айы адам баласына тура жол және ақиқат пен жалғанды айыратын Құран түсірілген ай» (Бақара сүресі 185 аят). Осы аят Құран түскен ай Рамазан екенін анық баяндайды.Қадір сүресіннің 1-ші аятында : «Расында Құранды Қадір түні түсірдік» - делінген.Қадір түні осы Рамазан айының бір түні.Бірақ Қадір түні Рамазан айының нақты қай түні екені беймәлім.Ғалымдар арасында бұл Рамазан айының жиырма жетінші түні деген көзқарас басым. Биыл (2014.жылы) қадір түні Шілде айының 23- нен 24 – не қараған түніне сәйкес келіп тұр. Қасиетті Құран Кәрім барша адам баласына түсіп,оны оқып үйреніп,терең түсініп, өмірімізге башшылыққа алуымызға шақырады.Құран біздің өмірімізге мән беріп, туралыққа жетелейтінінде шүбә жоқ.Құран Кәрімде Аллаһ Тағала былай дейді: «Міне осы Кітапта күдік жоқ,тақуалар үшін тура жол көрсетуші». (Бақара сүресі 2 – аят).Олай болса Осындай біздерге берілген үлкен нығыметтің қадіріне жетіп, амалмен жүзеге асыруымыз керек.Ол үшін осы айда көбірек Құран оқып өзгелерге де үйретуіміз керек.Себебі Пайғамбарымыз (с.ғ.с) : Сендердің ең жақсыларың Құранды үйреніп, өзгелерге үйреткендерің деген. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) тағы бір хадисінде:Аллаһ кітабынан бір әріп оқығанға бір жақсылық бар,ол он есе жақсылық болып жазылады.(Яғни бір әріпіне он сауап беріледі).Мен - әлиф, ләм, мим бір әріп, демеймін. Әлиф – бір, Ләм – бір әріп, мим – бір әріп.деп айтамын деген. Демек әлиф, ләм, мимді оқыған адамға отыз сауап жазылады. Сондықтан Қадірменді ағайын Құран оқудың қасиетін жақсы түсіне білгеніміз жөн. Бір әріп үшін он сауап жазылса Құранды толық оқығанның сауабын ойлап көріңіз. Қасиетті рамазан айында мешіттерімізге келіп Құран оқып үйреніп мол сауапқа қарай ұмтылайық бауырлар.


Абай ауданының найб имамы: Смағұлов Жасұлан Манапұлы.


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары