Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ораза айт қабыл болсын!
27 шілде, 2013 жыл 23 Басып шығару нұсқасы

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) айтты: «Егер сендер бір нәрсені ұмытсаңдар, маған салауат айтыңдар, Алла қаласа естеріңе түседі».
Әнәс ибн Мәлик (р.а.): «Мұсылман үшін 5 айт яғни, қуаныш бар»- деп айтты.
5 айттың біріншісі: «Бір мұсылман адам, екінші мұсылман адамға ниеті күнә істеу болмай, халін білу үшін барса, бұл мұсылманның бірінші айты».
Екіншісі: «Бұл дүниеден иманымен шаһадат айтып және шайтанның азғыруынан құтылып дүниеден өтсе, бұл мұсылманның екінші айты».
Үшіншісі: «Қиямет күнінде қыл көпірден өтіп, қияметтің қорқынышынан аман қалып және біреулерге қарызы болмаса, бұл мұсылманның үшінші айты».
Төртіншісі: «Жұмаққа кіріп, тозақ отынан аман қалса, бұл мұсылманның төртінші айты».
Бесінші: «Жәннәтқа кіріп, Алланың дидарын көргенде, бұл мұсылманның бесінші айты».
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Әрбір айтта, шайтан лағын қатты дауыс қойып жылайды, дауысын естіген әскері жиналып, сонша сені не қайғыртты, біз сені ренжіткен нәрсені құртайық дегенде, шайтан лағын: еш нәрсе емес, тек қана айт күні осы үмметтің толық күнәсін кешірілетіндігі мені қайғыртты, енді сендер, оларды Алланың қаһарына ұшырағанға шейін» әр түрлі күнәға батырыңдар демек, айт күндері күнәдән қашып, сауапты істерге асығып яғни, бұл күндері намаз оқып, тәспі тартып, садақа беріп, осы сауапты істерге асығу әрбір ақылды адамға түснікті, себебі Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Бұл күндері Алла тағала күнәларыңды кешіреді, дұғаларыңды қабыл қылады және сендерге рахметімен қарайды».
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде: «Ораза айтында Алла тағала Періштелерге жерге түсуіне әмір етеді, жерге түскен Періштелер Ей, Мұхаммедтің (с.ғ.с.) үмметі Ұлы Раббыларыңа асығыңдар! Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) үмметі айт намазына шыққан кезде, Алла тағала Періштелерге куә болыңдар, олардың оразасының сауабына кешірімімен ризалығымды бердім дейді».
Дүние айтының сыры, бізге ақірет күнін еске салады. Себебі: сол күні адамдардың кейбіреуі жаяу, енді біреуі атпен, енді бірі сәнденіп, бірі жұпыны киінген, біреуі жылап, біреуі күліп кетіп бара жатады, осының барлығы Алланың қияметін еске салады, себебі: Алла тағала Құран Кәрімде былай дейді: يوم نحشر المتقين الى الرحمان وفدا ونسوق المجرمين الى جهنم وردا »
Мағынасы: «Қиямет күні Рахман алдына қонақ ретінде жинаймыз және күнәһарларды шөлдеген күйде тозаққа айдаймыз»
يوم ينفخ في الصور فتأتون أفواجا
Мағынасы: «Сондай сүр үрленген күні сендер топ-тобымен келесіңдер»
يوم تبيض وجوه وتسود وجوه
Мағынасы: «Сондай күні жүздері ағарып және қараятын»
Әнәс ибн Мәлик (р.а.) бірде: «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) айт намазына шығып бара жатқанында бір топ баланың қарама-қарсысында киімі-жұпыны бір баланың жылап отырғанын көреді, Сонда Расулулла (с.ғ.с.) жаңағы балаға таянып, неге ойнамай жылап отырсың деп сұрағанда, әлгі бала Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) танымастан жауабына: Әкем, Пайғамбарымызбен бір соғысқа барып шейіт болды, Шешем басқа адамға тұрмысқа шығып, өгей әкем, әкемнен қалған байлықты және үйді тартып алып өзімді қуып шықты, әкесі бар балаларды көргенде, әкем есіме түсіп жылаймын, сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) баланы қолынан алып, Мен саған Әке болсам, Айша (р.а.) анаң болса, Әли (р.а.) әкеңнің інісі болса, Фатима (р.а.) апаң болса, Хасен Хусейн бауырларың болуын қалайсың ба? –дегенде алдында тұрған адам Пайғамбар (с.ғ.с) екенін біліп, әлбетте Я Расулалла деп жауап қатады. Баланы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) үйіне алып барып, жуындырып, киіндіріп, тамақтандырып, баланы далаға алып шығады, сол кезде кимі-көк, қарны тоқ, баланы көрген құрбылары таңырқап: «Сен осыдан бірнеше уақыт бұрын ғана, жылап тұрған едің, ал қазір көздеріңде қуаныш, жүзіңде күлкі, мұның сыры неде?»-дейді. Сонда бала тұрып: «Әкем Расулалла (с.ғ.с.) болса, анам Айша (р.а.) болса, Әли (р.а.) әкемнің інісі болса, Фатима (р.а.) апам болса, Хасен Хусейн бауырларым болса, мен қуанбағанда, кім қуанады!»-депті. Мұны естіген достары: «Шіркін, біздің әкелеріміз де, Пайғамбармен (с.ғ.с.) бірге сол соғыста болып, шейт болғанда, бізде Расулалланың (с.ғ.с.) балалары болатын едік»-деп армандайды. Кейін, уақыт өте келе, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) дүниеден өткенде, әлгі бала басына топырақ сеуіп, жылап отырғанында, Әбу Бәкір Сыддық (р.а.) бауырына басып, асырап алады»-дейді. Демек, қадірменді жамағат, біз де айт күндері осындай сауапты істермен айналысайық, жетім-жесірімізді жылатпай, қамқор болайық!


Араб тілінен аударғандар: Облыстық орталық мешітінің наиб имамдары Асылтайұлы Дархан, Зұлжаладдинұлы Бекболат





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары