Аса қамқор,ерекше мейірімді, Алланың атымен бастаймын!
«Раббың, Өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір қылды. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: «Түһ» деме (Кейіс білдірме.) Сондай-ақ, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле. Ол екеуіне кішірейіп мәрхамет құшағын жай да: «Раббым! Ол екеуі мені кішкентайымда тәрбиелегендей, Сен де оларды мәрхаметіңе бөлей көр!», – де» («Исра» сүресі, 23-24-аяттар). Яғни, бұл аятта Алла Тағала өзінен басқа ешкімге ғибадат етпеумен қатар ата-анаға құрмет көрсетуді бұйырады
Хадистi Ибн Аббастан (р.л.ғ.)
«Қайсы бiр мұсылман таңертең тұрып, ниетi сауап алу үмiтiмен мұсылман болған ата-анасына қызмет ету болса, Аллаһ Тағала оны жәннатқа жақын етедi. Ата-анасының бiреуi ғана тiрi болып, ниетi сауап алу үмiтiмен оған қызмет ету болса да солай. Ата-ананың бiрiн ашуландырған болса, оны қайта разы етпейiнше, Аллаһ Тағала да одан разы болмайды. Сонда: «Ата-ананың өзi қайырымсыз болса да ма?», – деген сөзге, Расулуллаһ (с.ғ.с.): «Ата-ананың өзi қайырымсыз болса да», – деп жауап бердi»( Имам Бухари риуаят еттi).
«Үш дұға міндетті түрде қабыл болады, онда еш күмән жоқ: Зұлымдыққа ұшырағанның дұғасы, жолаушының дұғасы, ата-ананың баласына дұғасы»
Пайғамбарымыз ﷺ мүбарак хадисінде: «Алла Тағала сендерге аналарыңа құрметсіздікпен қарауды қыздарыңды тірідей көмуді, құқықтарды өтемеу мен орынсыз істі орындауды талап етуді, өсекті, көп сұрақты, дүниені шашуды харам етті
Барлық күнәлардың жазасы Алла Тағаланың қалауымен қиямет күніне дейін кешіктірілуі мүмкін, тек ата-анасына құрметсіздік танытқан адамның жазасын осы өмірде өлім келмей тұрып береді
Абдулла ибн Амр ибн ал-Астан (р.а.) жеткен хадісте
Алланың разылығы ата-ананың разылығында, Алланың ашуы ата-ананың ашуында
Ибн Аббас (Алла одан разы болсын) риуаят еткен хадисте
Пайғамбарымыз ﷺ айтты:«Кімде-кім күнін Алла ризалығы үшін ата-анасына бой ұсынған күйде бастаса, оған екі бірдей жәннаттың есігі ашық болады, егер біреуі тірі болса, бір есігі ашық болады. Егер кімде-кім ата-анасына бой ұсынбаған күйде кешті батыратын болса, ол үшін екі бірдей тозақтың есігі ашық болады, егер біреуі тірі болса бір есігі ашық болады». Сол кезде бір адам тұрып айтты: «Ол екеуі оған зұлымдық жасаса да ма?» деді. Пайғамбарымыз ﷺ: «Ия, зұлымдық жасаса да» деп үш мәрте қайталады
Абдулла ибн масғуд (р.а)
Бірде Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) « Алла тағала қандай істі анағұрлым жақсы көреді» деп сұрадым. Ол «Уақытылы оқылған намазды»-деді. Мен тағы «Одан кейін ше»-деп сұрағанымда «Ата ананы құметтеуді»-деді. Мен үшінші рет «Одан кейін ше»-дегенімде, «Алла жолындағы күресті» деп жауап берді»-деген. (Бухари Муслим)
Әбу Һурайра (р.а.)
«Бірде бір кісі келіп «Уа Алланың елшісі Адамдардың ішінде кіммен ең жақсы қарым-қатынаста болуым керек»-деп сұрады. Алла елшісі (с.а.с) оған «Анаңмен»,-деді. Сұраушы екінші рет рет «Сосын кіммен»-деп қайта сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) тағы да «Анаңмен-дегенде, Пайғамбарымыз (с.а.с.) тағы да «Анаңмен»-деп жауап берді.Әлгікісі төртінші рет «Одан кейін кіммен»-деп сұрағанда,Алла елшісі»(с.а.с.) «Әкеңмен» деп айты» (Бухари, Муслим,)
Абдулла ибн Амр ибн ал-Астан (р.а.) жеткен хадісте
«Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Аллаға серік қосу, ата- анаға бағынбау, нақақтан кісі өлтіру және жалған ант ішу-үлкен күнә»-деп айтты»-делінген (Бухари Муслим)
Абдулла ибн Амр ибн ал-Ас (р.а.)
«Бірде Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Адам баласының ата-анасына тіл тигізуі үлкен күнә»-деді.Сахабалар «Уа, Алланың елшісі Адам баласы өз ата-анасына тіл тигізе ме»-деп ,еді,Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Әрине, біреудің акесіне тіл тигізсе, ол да оның акесіне тіл тигізеді. Сондай-ақ, анасын балағаттаса,ол да оның анасын балағаттайды»,-деп айтты»-деген (Бухари Муслим)
Муғира ибн Шуғбадан (р.а.) жеткен хадисте
«Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Алла тағала аналарың тілін алмауды, бересіне өтеуден бас тартуды, өздеріңе тиесілі болмаған дүниеге қол сұғуды және қыз нәрестелеріңді тірідей көмуді харам қылды. Сондай-ақ, сендер үшін нақты білгенді емес, естігенді сөз етіп, өсек айтуды, орынсыз көп сұрақ өоюды, дуние-мүлікті оңды-солды шашып, ысырап қылуды жағымсыз істерден қылды»,-деп айтты»-делінген (Бухари Муслим)
Теміртау Әлихан бөкейхан атындағы орталық мешітінің наиб имам
Әлимбек Даулетұлы
Пікірлер