Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Рамазан айының қасиеттері
03 шілде, 2013 жыл 2537 Басып шығару нұсқасы
 

Құрметті мұсылман бауырлар!



Алла тағала Құран Кәрімде бұйырады: «Рамазан-адамдарға тура жол нұсқаушы; ақ пен қараны айырушы; бекем тұтынатын жол басшы ретінде Құран түсіріле бастаған ай. Рамазан айы туғанын көрген адам бірден ораза ұстайтын болсын. Егер біреулер науқас болып; әйтпесе жол сапарда жүрсе , онда басқа күндерде өтесін, Алла сендерге жеңілдік болуын қалайды, ауырлық түсіргісі келмейді. (Ауыздарың ашық кезде қазасын өтеп), ораза күнін санын толтырыңдар. Сендерді тура жолға бастаған Алланы мадақтаңдар. Оған шүкірлік етіңдер»-деді.

Бұл аятта баян етіліп тұрғандай Рамазан айы- айлардың сұлтаны. Өйткені бұл айда Құран кәрім нәзіл болды. Қасиетті қадір түні де осы айда. Рамазан айын пайғамбарымыз(с.ғ.с.)қадір тұтып:


«Рамазаның алғашқы он күні- рахмет; ортаңғы он күні- жарылқау; ақырғы он күні -тозақтан құтылу»-деп айтқан.


Рамазан айы туралы Әбу Һурайра риуаят еткен мына хадисте пағамбарымыз (с.ғ.с.) айтты.


«Егер рамазан айы келсе, жаннат есіктері ашылып тозақ есіктері жабылар. Ал шайтандар шынжырланар»- деді.


Мына хадисте: «Кім жалған сөзбен іс қылуын қоймаса, ол адамның тағам жемей, сусын ішпегені Алла тағалаға қажет емес »- деді. Қиямет күні болғанда Алла тағаланың алдына рамазан айы бір әдемі көркем бейнеде келер. Сол кезде Алла тағала: «Я, рамазан айы. Сенің не тілегің бар?»- деп сұрар. Рамазан айы айтар: «Я, раббым, сенің бұл құлың денінің сау кезінде сенің разылығың үшін мені қастерлеп ораза тұтып, сол арқылы саған құлшылық етті. Енді сол құлыңды тозақ отынан сақта, бастарына нұрдан тәж киюіне, қабірден тоқ болып тұруына нәсіп ет. Оларды жаннатқа кіргізе көр»- деп тілек тілейді. Сол кезде Алла тағала айтар: «Сені қадірлеп ораза тұтқан құлдарымды менің алдыма келтір. Мен сенің тілегіңді қабыл еттім. Жаннатқа өзің баста» –дер.Сол кезде жаннатта Әр-Раийан атты есігіне осы дүниеде рамазан айын құрметтеп, ораза тұтушыларды жинар. Рамазан айы өзі бастап жаннатқа кірер. Барша періштелер мархаба, мархаба деп ілесіп барар. Мұхаммед (с.ғ.с.) үмбеттері қиямет күні ғарасат майданына қуанып, шаттанып барады, Сол кезде өзге пайғамбарлардың үмбеттері қайран қалып сұрар: «Бұлар қандай амал істегендер?»- дер. Сонда періштелер: «Бұлар Рамазан оразасын қадірлеп тұтушылар»-деп айтар. Бұл турасында пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде айтты:


Қиямет күні Алла тағаланың құлдарына өздері тұтқан оразаларымен оқыған Құранды шапағат етеді. Ораза айтар: «Я, Раббым, бұл құлың сенің разылығың үшін тамағынан, шәһуатынан тыйдым, ораза тұтты. Енді маған рұқсат ет , мен оған шапағат етейін»-дер.


Құран айтар: «Я, Раббым. Бұл құлыңды түнде ұйқысын бөлдім, ол Құран оқыды, дұға етті, енді маған рұқсат ет, мен оған шапағат етейін»-дер. Сөйтіп екеуі де шапағат етер. Пайғамбарымыздың хадисінде айтты: Кімде-кім рамазан айының кіргеніне қуанса, Алла тағала оның денесін тозақ отынан сақтар –деді.


Мұса (ғ.с.) айтты: Мен Алла тағаладан сұрадым:


-Я, Раббым, менің үмбетіме рамазан айын нәсіп етсең, менің үмбетім сенің разылығың үшін осы айда ораза тұтса, сол арқылы күнәларына мағфират кешірім тілесе – дедім.


Сонда Алла тағала айтты:


-Ей, Мұса, рамазан айын Мұхаммед (с.ғ.с.) үмбетіне нәсіп еттім. Одан басқа еш бір үмбетке нәсіп еткен жоқпын .


Және Алла тағала айтты:


-Ей, Мұса, мен рамазан айында аспандағы періштелерге әмір етем , ораза ұстаушы Мұхаммед үмбетіне шапағат етіңдер, - деп . Періштелер шапағат етер- деп « Тәфсир мунир»кітабында айтылған .


Рамазан айында тұтқан ораза бізді сабырлыққа, қиындыққа мойымауға, ерік-жігерімізді шыңдауға, нәпсімізді тәрбиелеуге үйретеді. Алла тағала баршамызды рамазан оразасын шын ынта- ниетімен тұтушылардан етіп , жалған дүниенің бір күндік қызығына алданып , рамазан айының сауабынан құр қалмайық . Тұтқан оразаларыңызды Алла тағала қабыл етсін. Әмин!


Нұра аудандық мешітінің бас имамы Узденбеков Б.Х.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары