Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Берекелі Рамазан айы
03 шілде, 2013 жыл 728 Басып шығару нұсқасы

оразаАллаһ Тағала «Бақара» сүресінің 185-ші аятында:

 

«Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, бекем тұтынатын жолбасшы, ақ пен қараны айырушы ретінде Құран түсірілген ай»-деген.

 

 

Бұл аят мұсылман өміріндегі екі маңызды мәселеге нұсқайды.

 

 

Біріншісі: Рамазан айы – Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с) уахи келе бастаған ай және Құранның көп бөлігі Рамазан айларында түсірілген.

 

 

Екіншісі: Рамазан айы басталуымен әрбір балиғат жасына жеткен, ақыл-есі дұрыс мұсылманға ораза ұстау парыз.

 

 

Ораза – адам баласының Жаратушысы Аллаһ Тағаланың оған берген сансыз нығметі мен жақсылықтары үшін жасалған шүкіршілігі болып табылады.

 

 

Оразаның сөзі араб тілінде «әс-соум» деп айтылады. «Ораза» сөзі тіл саласында «бір іс не болмаса сөзден тыйылу» деген ұғымды білдіреді. Мәселен, өзін сөйлеуден немесе тамақтанудан тыйған адам жайында: «Ол – ораза»,-деп айтады. Бұл мәселеге мысал ретінде Хақ Тағаланың мына сөзін келтірсе болады:

 

 

«Егер біреуді көріп, ол сенен балаң жайында сұраса: «Мен Әр-Рохман үшін ораза ұстауды нәзір еттім. Сондықтан да бүгін ешбір жанға сөйлемеймін»,-де». «Мәриям» сүресі 26 аят.

 

 

«Ораза» сөзінің шарғи мағынасына келер болсақ, ол: құлшылық ниетімен таң атқаннан күн батқанға дейін ішіп-жеуден және жыныстық қатынастан тыйылу.

 

 

Оразаның мәнісі.

 

 

Жаратушы Ие Рамазан айында пенделеріне ораза ұстауды бұйырудан мақсат нәпсіні аштық арқылы тәрбиелеу, мұнын мәнісі нәпсі аш болса, дененің басқа ағзалары тоқ болады, ал нәпсі тоқ болса, дененің өзге мүшелері аш болады. Яғни, тоқ нәпсі дене мүшелерін жамандыққа жетелейді, ал оразамен жүрек тазарады. Адам бойында өзін-өзі қадағалау және нәпсіні тежеу қабілеті пайда болады. Ал, өзін-өзі қадағалаумен нәпсіні тежей білу тақуалық сипаттамасына жатады. Осы себептен Хақ Тағала «Бақара» сүресінің 183-ші аятында «Ей, муминдер! Бұрыңғыларға парыз етілгендей сендерге де ораза парыз етілді. Тақуалық еткен боларсындар.»-деген.

 

 

Оразаның маңызы.

 

 

Аллаһ Тағала былай деген: «Ораза – тек мен үшін, сондықтан мен ол үшін өзім сыйлық беремін». «Ораза мен Құран – қиямет күнінде кепілдеме. Ораза – дозақ отына қарсы қалқан», - дейді Пайғамбарымыз (с.ғ.с.). «Кім Аллаһ атымен ораза тұтса, оны Аллаһ Тағала дозақ отынан 70 жылдық мерзімге жырақтатады». Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан екен: «Жұмақта Раян деген есік бар. Бірақ онда басқа емес, тек ораза тұтқандар ғана кіреді. Онда алдымен: «Ораза тұтқандар қайда?» - деп сұралады. Содан, онда тек ораза тұтқандар ғана кіреді. Ал кім кіріп, сондағы қайнардан су ішсе, ол өмірі шөлдемейтін болады».

 

 

Ораза парыз болуының шарттары

 

 

Ораза парыз болудын 1-ші шарты Ислам, яғни мұсылман болу. Себебі, кәпірлерге ораза міндеттелмейді. Ораза парыз болудың 2-ші шарты: саналы, яғни ақыл есі дұрыс болу. Расулуллаһ (с.ғ.с.): «Үш адамға күнә жазылмайды: ақылынан ауысқанға, ұйықтап жатқан адамға, ол оянбайынша. Сәбиге, ол балиғатқа жетпейінше».Осыған сай, есі ауысқан және есінен танған адамға ораза парыз болмайды. Ораза кезінде есі ауысқан адамға, ол тіпті жарты ай бойы ақыл есінен айырылған жағдайда, ораза парыз болмайды. Ораза парыз болудың 3-ші шарты: балиғатқа жеткен болу. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтады: «Ұл, қыздарына олар жеті жасқа толғаннан бастап, намаз оқуды үйретіндер. Он жасқа толғаннан бастап, намазға тұрғызыңдар. әрі сол кезден бастап, жататын жерін бөлек етіндер.». Балиғатқа толған ұл-қыздарға намаз оқу да, ораза ұстау да парыз.Ораза парыз болудың 4-ші шарты: ораза парыз екенін білу.

 

 

Әйелге байланысты мұсылмандық тәртіп

 

 

 


  1.  

    Әйел кісі хайздан, босанған әйел нифас қанынан тазарып болмай, оған ораза тұтуға болмайды. Өткен күндерді Рамазан айы шыққан соң өтеп береді;


  2.  

    Аяғы ауыр немесе емшекпен баласын асырап жүрген әйел, егер өзіне немесе баласына зиян келерінен қорықса, аузын ашуға хақылы. Бірақ кейін мезгілін тауып ұстайды. Олар оразаның орнына аш адамды тойдырудан азат етілген, яғни оразаларының өзін қаза етеді;


  3.  

    Аяғы ауыр немесе сәбиін емізетін әйелдер тек баласы үшін қорықса, онда өткен күндерді кейіннен өзі өтеп беру шартымен оразадан босатылады. Әрбір жіберген күндер үшін бір кембағалды тойғызу олар үшін міндет;


  4.  

    Рамазан айында жіберілген күндердің қазасы ай біткен соң кез-келген күні өтеле береді. Тек келесі Шағбан айына дейін жыл бойына мүмкін.









  5.  
  6.  
  7.  
  8.  
  9.  
  10.  
  11.  

 

 

 

Оразаны бұзатын іс-әрекеттер

 

 

 


  1.  

    Рамазанның күндізгі күнінде ас ішсе, сусын қабылдаса;


  2.  

    Жыныстық қатынаста болса;


  3.  

    Жасанды жолмен жүнүб болса – бойдан кетсе;


  4.  

    Біле тұра құсса және ауыз толы құсықты жұтса;


  5.  

    Хайзы келсе;


  6.  

    Нифас қаны, яғни бала көтерген әйел белі бекінгенше;


  7.  

    Жаңбыр тамшысын, не қарды жұту;


  8.  

    Ауыздан шыққан түкірікті жұту.









  9.  
  10.  
  11.  
  12.  
  13.  
  14.  
  15.  

 

 

 

Оразаны бұзбайтын іс-әрекеттер

 

 

1. Ұмытып ішіп-жеу. Мұндай жағдайда ораза екені есіне түскен адам ішіп-жеуден тыйылуы тиіс. Біреудің ұмытып тамақтанып жатқанын көре тұрып оны ескертпеу – мәкрүһ тахрим. Бұл мәселеге қатысты Расулуллаһ (с.ғ.с.): «Сендерден оразада ұмытып ішіп-жеп қойған адам оразасын толықтырсын. Бұл – Аллаһ Тағаланың оны тамақтандырып, сусындатқаны», - деген.

 

 

2. Ихтиләм (ұйықтап жатқанда ұрықтың шығуы) болу. Расулуллаһ (с.ғ.с.) айтады: «Үш нәрсе оразашының аузын ашпайды. Ол: қан алдыру, құсу және ихтиләм».

 

 

3. Қан алдыру. Жоғарыда айтылған хадис қан алдыру мәселесіне де қатысты.

 

 

4. Ұрықтың еріксіз шығуы.

 

 

5. Шәһуәтсіз сүю.

 

 

6. Сүрме жағу. Айша анамыз (р.а.) айтады: Расулуллаһ (с.ғ.с.) ораза бола тұрып көзіне сүрме жағатын». Оразада сүрменің қай түрін болмасын пайдалануға рұқсат. Мұның мәнісі: көз арқылы денеге ештеңе кірмейді. Бұл мәселе көзге дәрі тамызуға да қатысты.

 

 

7. Тамаққа еріксіз түтін, шаң-тозаң, шыбын-шіркейдің кіруі.

 

 

8. Бетті жуғанда немесе терлегенде ауыз, мұрынға беттегі судың кіруі.

 

 

9. Жүзгенде немесе шомылғанда құлаққа судың кіруі. Себебі, шомылу – қажеттілік. Сонымен қатар құлақты тазалау да оразаны бұзбайды.

 

 

10. Тістің арасындағы бұршақтан кішкентай нәрсені жұту.

 

 

11. Ерінді жалау.

 

 

12. Еріксіз ауызды тотырып құсу. Бұл жағдайда құсық ішке кетпеуін қадағалау қажет.

 

 

13. Өзін зорлап құстырған жағдайда ауыз құсыққа толмаса. Адам ауыздағы құсықтың себебінен сөйлей алмайтын болса, ауызды толтырып құсқан болады. Ханафи ғалымдары оразада өзін зорлап құстыру мәселесіне қатысты түрлі пікір айтқан. Мәселен, Имам Әбу Юсуф: Ауыз құсыққа толмаса ораза бұзылмайды», -десе, Имам Мухаммад бұзылатыны жайында айтқан.

 

 

14. Бойы дәретсіз, яғни ерлі-зайыптылар жыныстық қатынаста болған халде таң атыру. Оразада тәуліктің ауыз бекітетін мезгілінде болмаса, күн батқаннан таң атқанға дейінгі аралықта ішіп-жегенге, ерлі-зайыптылар қосылуына рұқсат етілген. Айша анамыз бен Умму Саләма анамыз (р.а.) айтады: «Нәби (с.ғ.с.) бойы дәретсіз халде таң атырса шомылатын, кейін ауыз бекітетін». Бойы дәретсіз халде таң атырған адам сәресі ішкенге уақыты аз болған жағдайда алдымен сәресі ішіп, кейін шомылып ауыз бекітсе болады.

 

 

15. Ауыз ашуды ниеттеніп тұрып, алайда бір себептермен аузын ашпаса. Мысалы, сапарға шығам деп тұрып, шықпай қалса.

 

 

16. Түкірік жұту. Себебі, түкірік сырттан келмейді. Ауыздан шыққан түкірікті жұту, ол – басқа мәселе.

 

 

Қасиетті Рамазан айы – 11 айдың сұлтаны, Мұхаммед (с.ғ.с.) үмметтерінің айы. Күндіз ораза ұстаумен, түндерді тарауық намаздарың оқумен өткізу керек. Рамазан шәриф – Құран айы, сол себепті, Құран оқуды білетіндер осы айда хатым етуі керек.

 

 

Рамазан айының басы – мейірім, ортасы – кешірім, аяғы – тозақтан азат болу.

 

 

Ниеттеріңіз қабыл болсын!

 

 

Мақаланы сайтқа дайындаған Балақажы мешітінің найб имамы Үсенов Жолбарыс Бақтыбайұлы

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары