Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Күншілдіктің кесірінен кезігетін бес азап
02 тамыз, 2021 жыл 1561 Басып шығару нұсқасы

EAeN8HdI4DkФақиһ Абу ләйс Самарқанда Хасаннан (р.а.) риуаят етіп, былай дейді: «Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Дұшпандық және көреалмаушылық, отынды жаққанындай жақсылықтарды жояды» деп айтты». Ал, тағы бір хадисте Алла елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқандары келтіріледі: «Үш нәрседен ешкім құтыла алмайды, егер төмендегідей істемесе:

 


  1. Егер көреалмаушылық болса, дұшпандық істемеу;

  2. Күмәнданса, шын деп білмеу;

  3. Жаман ой келсе, оны өткізіп жіберу», - деген екен.


  4.  


«Егер көреалмаушылық істесең, дұшпандық істеме» деген сөздің мағынасын ашып қарастырсақ, жүрегіңде көреалмаушылық болса, оны сыртқа шығарма, ол жөнінде жамандықпен еске алма. Өйткені пенде іштей жамандық ойлап, бірақ дер кезінде тәубесіне келіп, оны тілімен айтпас немесе оны істемесе керісінше сауапты іс істегенмен бірдей. «Күмәндансаң, шын деп білме»  деген сөздің астары, яғни бір мұсылман жөнінде жаман күмәнде болсаң, оны көзіңмен көрмейінше шын деп ойлама. «Жаман ой келсе, оны өткізіп жібер» деген сөздің мағынасына үңілсек, егер адам бір жерге барамын деп шығып, ойында бір тынышсыздық пайда болса, мысалы, ырымға сеніп, «мысық жолымды кесті, енді менің жолым болмайды» деген жаман оймен бет алған бағыттан қайтпағаны дұрыс. Барар жерге жетпей, істі жарты жолдан қалдырып, үмітсіздікке салынбау қажет. Егер адам баласы осы үш қасиетті бойына сіңірсе, жамандық атаулы бойына жақындамасы хақ. Өйткені, дұшпандық істемеген адамның бойында жаман қылықтар пайда болмайды. Соның нәтижесінде көреалмаушылық оянған жағдайда оны жеңуге тырысады. Жалған сөз, алдап-арбау, ғайбат айту секілді қасиеттерді жоятын бір ақ нәрсе – ол күмән. Күмәнданған адам ғана шыншыл болады. Өйткені, ол айтар сөзіне нық сенімді болғанда ғана тілге ерік береді. Басына келген жаман ойды шетке ысырып, тек рас сөйлеуге тырысады. «Басты қорғағың келсе – тіліңе сақ бол» деген сөздің түпкі мағынасы осыда жатыр.

Абу Хурайра (оған Алла разы болсын) Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) естідім дейді. Оның жеткізуі бойынша: «Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Бір-бірлеріңізді жек көрмеңіздер, бір-бірлеріңізге көреалмаушылық істемеңіздер, сауданың бағасын бір-бірлеріңізден асырмаңыздар. Алланың дос пенделері болыңыздар» деп өсиет қалдырған.

Фақиһ (оған Алла разы болсын) айтады: «Күңшілдіктен зиянды нәрсе жоқ. Күңшілдік күндеуші адамға бес азапты алып келеді:

 

 


  1. Уайым үзілмейді;

  2. Басына қасірет келеді, істеген ісіне сауап жазылмайды;

  3. Басына жаманшылық келеді;

  4. Алла Тағаланың азабы келеді;

  5. Оған тауфиқ есіктері жабылады».


  6.  


Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Сақ болыңыздар. Алланың нығметіне дұшпандық істеушілер бар» деп айтқан. Сахабалар: «Я, Расулалла, Алланың нығметтерінің дұшпандары кімдер?» деп сұрағанда Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп жауап қатыпты: «Алланың өз кеңшілігімен берген нығметтеріне  көреалмаушылық істеушілері!». Ғұламалардың бірі айтқан екен: «Көреалмаушылықтан сақтаныңдар. Өйткені, көреалмаушылық көкте Алла Тағаланың құзырында күнәһар болуына себеп болды және жерде де күнәһарлыққа итермелеген. Көкте бірінші себеп болған: Ібіліске Алла Тағала «Адамға (оған Алланың сәлемі болсын) сәжде ет» дегенде «Мені сен оттан жараттың, ал адамды жай ғана балшықтан жараттың» деп өзін жоғары санауы. Ол Адамды (оған Алланың сәлемі болсын) көреалмағандықтан күнәға батты. Жерде күнәһар болуы – Адамның (оған Алланың сәлемі болсын) ұлы Қабыл өзінің інісі Абылдың құрбандығы қабыл болғанына көреалмаушылық танытып, оны өлтірді.

Ахнаф ибн Қаис: «Көреалмаушыларға ешқашан рахат жоқ. Сараңдарда байсалдылық жоқ. Шыдамсыз адамдарда дос жоқ. Өтірікшілерде батылдылық жоқ. Қиянатшылдарда пікір жоқ. Мінезі жаман адамда басшылық жоқ» деген екен. Мұхаммәд ибн Сиран: «Мен дүние үшін ешкімге көреалмаушылық істемедім. Егер ол Жәннаттықтардан болса, қалай мен Жәннатқа кірушіге қиянат істеймін?», - деген екен. Фақих (оған Алла разы болсын): «Үш адамның дұғасы қабыл болмайды: 1. Харамды жеуші, 2. Көп ғайбат айтушы, 3. Көреалмаушылығы болған адам» деп айтқан. Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): « Көреалмаушылықты мына екі топ адам істесе болады:

 

 


  1. Бір адамға Алла Тағала Құранды берген болса, ол адам Құранды күндіз-түні оқыса;

  2. Бір адамға Алла Тағала мал-дүние берген болса, ол мал-дүниесінен күндіз-түні және жасырын түрде кедейлерге садақа беріп тұрған болса», - деген.


  3.  


Фақиһ (оған Алла разы болсын) осы хадиске байланысты былай деген: «Құранды жатқа алған Қари істейтін істі басқаларда істеуге әрекет етуі керек. Алла Тағалаға сондай дәрежеге жету үшін дұға ету керек». Бір адамға Алла Тағала мал-дүние берсе, егер ол кембағалдарға садақа етіп жатқанын көрсе, ол да «шіркін Алла Тағала сен мағанда осындай мал-дүние берсең, менде кембағалдарға Сенің разылығың үшін берер едім» десе», - деген. Бірақ, оған берген ақыл мен дүниені құртуды қалап, көреалмаушылық істесе, әлбетте ол жаман іс. «Ниса» сүресінің 32-аятында: «Алла бір нығметпен біріңізді біріңізден артық етіп қойған болса, сіздер оны (көреалмаушылық, дұшпандықпен) арам етпеңіздер» деген. Сол себептен,  мұсылман адам біреуге берілген кеңшілікті өзі үшін ғана болуын тілемеуі керек. Фақиһ (оған Алла разы болсын): Әкемнен естідім. Аннас ибн Мәлік (оған Алла разы болсын) айтты: «Бір күні біз  Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жанында отыр едік. Сол кезде Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтты. «Қазір Сіздердің алдарыңызға Жәннаттық болатын адам келеді. Ол адамның сақалынан дәреттің сулары ағып тұрады және екі етегін қолтығына қыстырған халде келеді» деді. Сол кезде Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) суреттеп айтқан кісі ішке кіріп, бізбен бірге отырды. Ертеңіне Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тағы сол адамды суреттеп айтты. Ол адам тағы келіп, бізбен бірге отырды. Үшінші күні осы жағдай тағы да қайталанды. Содан соң ол кісі мешіттен шыққанда Абдулла ибн Ас та артынан шығып, ол кісіге жолығып: «Сіз маған үйіңізден бір күн орын берсеңіз» деп өтініп еді, ол кісі келісті», - дейді. Абдулла ибн Ас ол кісінің үйінде бір күн қонады. Бірақ, ол кісінің артық ешқандай ғибадат еткенін көрмейді. Тағы да өтініп екі күн қонды, ешқандай артық ғибадаты жоқ. Күндіз ешқандай ораза да ұстамайды, түнде ешқандай намаз оқымайды. Абдулла ибн Ас ол кісіні үш күн байқап, сосын: «Расулулла бізге Сіздердің алдарыңызға қазір Жәннаттық адам келеді» деп айтқанда, Сіз келдіңіз. Сізден өтініп өзіңізбен болған себебім, Сіздің қандай амал істегеніңізді көргім келді. Істеген амалдарыңыздың бәрін көрдім. Сіздің жаныңызда әрдайым еріп жүрдім, бірақ Сіздің көп амал істегеніңізді көрмедім. Сізді Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтқан дәрежеге жеткізген не?» деп сұрадым» дейді. Сонда ол  кісі: «Сен көріп тұрғандай ешқандай амал істеген жоқпын» деді. Мен содан кейін бұрылып кетпекші болғанымда, ол кісі мені шақырып алды. Өзің көргеніңнен басқа ешқандай амал істемеймін. Тек қана мен мұсылмандардың ешбірі де өзімнен жамандық таппағанындай, мен де олардан еш жамандық таппаймын. Сондай-ақ, Алла Тағаланың оларға берген жақсы нәрселеріне көреалмаушылық істемеймін» деді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары