Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Пайғамбардың (с.ғ.с) көркем-мінез туралы айтқан 10 хадисі
29 қаңтар, 2016 жыл 1873 Басып шығару нұсқасы

1. «Мен үшін сендердің ең – жақсыларың көркем мінезділерің» (Бухари).


2. «Иман келтірушілердің ең иманы толығы – көркем мінезділері. Сендердің ең жақсыларың – әйелдерің үшін жақсы мінезді болғандарың» (Термези).


3. Әрбір діннің өзіне тән ахлағы бар, Исламның ахлағы – ұят» (Ибн Мәже).


4. «Қиямет күні мүміннің (амал) таразысында көркем мінезден ауыр нәрсе болмайды. Шындығында Алла бұзықты жек көреді» (Әбу Дәуіт, Термези риуаят еткен).


5. Қиямет күні маған ең сүйіктілерің әрі ең жақын отыратындарың – көркем мінез-құлықтарың. Ал Қиямет күні мен үшін ең жамандарың және менен ең алыс отыратындарың – көп сөзділерің, шешенсіп сөйлейтіндерің және астамшылдарың. Адамдар: «Астамшылдар деген кімдер, уа, Расулалла?» -деп сұрағанда, ол (с.ғ.с): «Тәкаппар жандар», –деген» (термези).


6. «Ізгілік – жақсы мінез» (Муслим).


7. «Қайда болсаң да Алладан қорық, жамандығыңның артын оны өшіретін жақсылықпен ұластыр әрі адамдарға көркем мінезбен қарым қатынас жаса» (Термези).


8. «Мен ізгі ахлақтарды толықтыру үшін жіберілдім» (әл-Хаким).


9. «Алла үшін пенделерінің иманы ең толықтары –көркем мінезділері, бауырмалдары, әрі бауыр басып тұратындары. Бауырмал еместер мен бауыр баспайтындардан еш қайыр жоқ» (табарани риуаяты).


10. Адамдардың жәннатқа кіруіне көп себеп болатын нәрсе туралы сұралғанда: «Алладан қорқу мен көркем мінез», – деп жауап берген (Термези).

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары