Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Образ сомдау
25 қаңтар, 2016 жыл 307 Басып шығару нұсқасы

Біздің ісімізден сөзіміз көп. Алла Тағала туралы көп айтамыз. Ал құлшылығымыз одан аз. Бірде өтіп бара жатқан біреу Әбу Ханифаға: «Бұл түні бойы ұйықтамайтын Әбу Ханифа»-депті. Сонда имам Әбу Ханифа: «Алланың атымен ант етейін, менің жасамағанымды ешкім айтпайды»-деген екен. Осыдан кейін ғұмыр бойы ұзақ түндерде құлшылық қылатын болған екен.


Әлдақалай көріну емес, шынайы болу маңызды! Өзгелердің өзіміз туралы жақсы айтқанын қалаймыз. Неге? Жауап жоқ... Әйтеуір бойымызда жоқ болса да жасандылықты сүйеміз. Неге? Тағы жауап жоқ. Себебі бар. Себебі өз-өзімізге объективті қарамаймыз. Тіпті бізді өзгелер дұрыс танымайтындай көрінеді. Іштей өзімізді «басқашамыз, сырт көз дұрыс, толық танымай жүр» - деп ойлаймыз. Ішкі дүниеміздің қандай жақсы екенін бүкіл әлем, барлық таныс адам көрсе «мені жақсы көрер еді, мен туралы жақсы ойлар еді, мақтар еді» деген ұры ой. Нәпсінің азығын іздейміз... Міне біз білмейтін жауап. Демек жасандылығымыздың жауабы нәпсіде... Нәпсі шайтаннан десек, біз шайтанның ықпалындамыз деген сөз...


Я болмаса өзімізге белгілі бір кейіптегі бейнелер ұнайды. Біреуге іскер адамның бейнесі, біреуге зиялы, мәдениетті адамның бейнесі, біреуге сыпайы, нәзік адамның бейнесі дегендей.... Әрі-беріден соң сондай болғысы келеді... Бұл жасандылыққа әкеледі. Осыдан келіп қайшылықты тұлға туындайды. Ол туралы айтылар сөз де, әңгіме де қайшылықты болады. Себебі адам өн бойында жоқ болмысты әр жерде, әр кез жасандылықпен бояп жүре алмайды. Осы арада бұған тосқауыл болар, ара-жігін ажыратар есеп жоқ. Яғни өз-өзімізге есеп беру жоқ. Өз-өзіңе есеп беру – өз-өзіңді тану болмақ.


Егер біз өз-өзімізге адал болсақ, өзіміз қалайтын образды сомдамасақ, шынайылық көркем мінезге ұласар еді. Себебі жаратқан әр пендесінің жүрек түкпіріндегі дүние – Иесіне, яғни Жаратушыға ғана белгілі. Тіпті адамның өзі де бір мезеттен кейін қалай құбылып шығатынын, көңіл-күйі қалай өзгеретінін, әлденеге бірден бой алдыратынын білмейді. Сезімдері сапырылысқанда өзі шатасады. Ал қарапайымдылыққа ұмтылу, шынайы болу көркем мінездердің бірі әрі біз үшін қайырлысы.


Әмина Омарова


Қарағанды облыстық орталық мешіті

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары