Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Намаздағы тыныштық қандай болу керек?
07 қаңтар, 2016 жыл 160 Басып шығару нұсқасы

Бухара ғалымдарынан болған бір кісі Мұхаммед Бахауиддин Шахи Нахшибенді Хазреттерінен сұраған:


* Бір мүмін намазда қалай рахаттық ала алады?


Былай жауап берді:


Төрт нәрсені орындауды жалғастырса, ләззат алатынына шүбә жоқ. 1) Әрдайым халал болғанды жеу. 2) Әрдайым Алла Тағаланы ұмытпау. 3) Дәрет алғанда да Алла Тағаланы ұмытпау. 4) Алғашқы тәкбірді алғанда өзінің Алла Тағаланың құзырында тұрғанын ойлау.


Сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір Хадис-шәрифінде:


* «Адамдар сенен көргісі келмеген бір істі адамдар болмаған жерде де істеме».


Мұхаммед Бахауиддин Шах Нахшибенді Хазреттері бұл Хадис-шәрифті былай түсіндіреді:


Бұл хадис-шәрифтен мынаны да түсінуге болады. Тариқатта жүрген мурид (шәкірт) ешкім жоқ деп ойланған жерлерде де біреулердің (Алла Тағала, періштелер және т.б) бар екенін білу керек. Адамдардың көз алдында қандай амал істеп жүрсе, ешкім болмаған жерде де соны істеуі қажет.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары