Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Қызғаныштың кесірінен кезігетін 8 жамандық
24 желтоқсан, 2015 жыл 598 Басып шығару нұсқасы

  1. Құлшылық және ғибадатты бұзуы


Бұл мағынада Расулаллаһ (с.ғ.с) былай бұйырды:

  • «Айрықша қызғанудан сақ болыңдар, өйткені қызғаншақтық істелінген ғибадат-құлшылықтарды жояды, дәл оттың отынды және құрғақ шөпті жалмағанындай».



  1. Күнә жасауға апаруы.


Қызғаншақ бір кісі өсек айтудан, өтірік айтудан, адамдардың арасын бұзудан кері тұрмайды. Бұл сияқты жаман істерді әдетке айналдырады. Бұл мағынада Дамуре б. Салебенің былай дегені айтылды:

  • Адамдар қызғану әдетін қоймағанынша, қайыршылық ішінде өмір сүре береді.



  1. Шапағаттан жұрдай болуы.


Абдуллаһ б.Бишр (р.а.) жолымен келген бір риуаятта Расулаллаһ (с.ғ.с) былай бұйырды:

  • «Қызғаншақ болған, өсек айтып сөз тасыған, сатқындық жасаған менен емес, мен олардан емеспін».


Содан соң Расулуллаһ (с.ғ.с) Ахзап сүресінің 58-ші аятын оқыды:

  • «Сондай мүмин ер, мүмин әйелдерді жазықсыз кейіткендер, әрине олар, жала жауып, ашық жүк жүктеп алды».



  1. Тозақтың отына апаруы.


Бұл мағынада Ибн-и Омар және Энес б.Мәлік (Алла оларға разы болсын) тарапынан айтылған бір хадис-шәрифте Алла елшісі (с.ғ.с) былай бұйырды:

  • «Алты топ кісілер бар, алты нәрсенің себебімен есеп берместен тозақтың отына тасталынады».


Сұралды:

  • Иә, Расулуллаһ, (с.ғ.с) олар кімдер, олар кімдер, тозақтың отына кірулеріне себеп болған нәрселерді айтыңыз?


Расулуллаһ (с.ғ.с) былай деді:

  • «Бұлар кезегімен мынадай:


1)Зұлымдық жасаған басқарушылар

  • Нәсілге қарап кемсіткендер

  • Тәкаппар басқарушылар

  • Сатқындық жасаған саудагерлер

  • Надан адамдар

  • Басқаны қызғанған білміділер


 

  1. Басқаларына зиян келтіреді.


Расулуллаһ (с.ғ.с)  бір хадис-шәрифінде былай бұйырды:

  • «Мұқтаждықтарыңызы орнына келтіру үшін құпия ұстауға тырысыңыз, өйткені әр нығмет иесі қызғаншақтыққа ұшыраған».



  1. Пайдасыз, шаршатуы және қасіретке апаруы.


Ибн-и Самад (р.а) былай деді:

  • Қызғаншақтық жасағаннан басқа бейшарадай көрінген бір залымды көрмедім, айыпты бір жан, нашар бір ақыл, айырлылмас бір қайғының иесі.



  1. Жүректі соқыр етуі.


Жүрек соншалықты соқыр болады, Ұлы Алланың үкімдерінен бір үкімді де көре алмайды.

Суфян-и Сәуридің мына сөзі маңызды:

  • Түсінік сезімің жоғары болуын қаласаңғ қызғаншақ болма.


8.Кедейшілікке апарып соғуы.

Бұл туралы былай делінген:

  • Қызғаншақ болған кісі бақытты бола алмайды.


 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары