Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Құран - барлық дерттің дауасы
24 қараша, 2015 жыл 42 Басып шығару нұсқасы

Көптеген аурулар адамның жүйке жүйесі жұмысының бұзылуынан болады. Себебі дәл осы жүйке жүйесі адамның қалған органдарын жұмыс істетеді. Ал жүйке жүйесі жүрекке бағынған. Сондықтан да жүйке жүйесінің дұрыс жұмыс істеуі үшін жүректің тыныштықта болған керек. Алла Тағала Құранда: «Олар сенім келтірді және олардың жүрегі Алланы еске алу арқылы тынышталады. Алланы еске алмағанда жүрек тыныштық таба ма?»-дейді. Мінекей, жүрек пен жүйке жүйесін емдеудің ең жақсы дауасы - Алла Тағаланы жиірек еске алу.


Жалпы емнің екі түрі бар. Біріншісі – Құран. Ол 100% шипа болып табылады. Екіншісі көпшілікке белгілі дәрі-дәрмек, медицина.


Алла елшісінің бірқатар дерттерге тек дәрі-дәрмекпен емделу жолын қолданғаны, ал кейбір жағдайларда тек Құран аяттарын, кейде осы екі емнің екеуін де қолданғаны белгілі.


Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Екі нәрсемен емделіңдер – балмен және Құранмен», «Ең жақсы ем бұл Құран»-деген.


Құранда: «Біз тақуалар үшін әрі ем, әрі мейірім болатын Құранды жібереміз, ал шектен шыққандарға бұл шығыннан басқа ештеңе бермейді»-делінеді.


Саййид Абдулхаким Арваси: «Құранның әр әрпінде жүз мың сырқаттың шипасы бар»-дейді.


Омар билік еткен тұста оған бір адам келіп: «О, тақуалардың билеушісі! Маған бас ауруы маза бермей жүрі»-дейді. Омар сол кезде түпкі бөлмеге кіріп, қағазға әлдене жазып, бүктеп әкеліп әлгі адамға: «Мынаны шашыңның арасына сал. Мұқият бол, түсіп қалмасын. Ешқандай жағдайда оны ашпа»-дейді.


Әлгі адам қағазды алып кете барады. Содан жаңағы қағазды басына салғанда ауырғаны қояды. Бірақ басынан алса ауруы қайта басталады екен. Осылай біршама уақыт өтеді. Күндердің күнінде әлгі адамның қызығушылығы жеңіп: «Бұл не қылған қағаз? Басыма қойсам ауырғаны қояды. Алып тастасам қайта басталады»-деп, қағазды ашады. Ол қағазға Омар «Бісміллә»-деп жазған екен.


Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары