Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Адамға жамандықтан қалай қорғануға болады?
04 қараша, 2015 жыл 458 Басып шығару нұсқасы

Алла елшісі: «Кімде-кім жұма намазынан кейін Фәләқ, Нас сүрелерімен қоса Ықылас сүресін жеті рет оқыса ол адамды Алла Тағала келесі жұмаға дейін жамандықтан қорғайды»-деген.


Осы риуаяттарда үйден шығарда әл-Күрси сүресін оқыған адамның үйіне қайтқанша жамандық атаулыдан аман болатыны айтылған. Сондай-ақ үйден шығарда Құрайш сүресін оқу да мұстаһап.


Хадистерде: «Кімде-кім таң намазынан кейін орнынан тұрмастан он мәрте «лә иләһә илаллаһ...» оқыса оған он сауап жазылып, он күнәсі кешіріліп, дәрежесі он мәрте өседі. Осы күні ол шайтанның жамандығы мен барлық пәлекеттен қорғалады».


«Кімде-кім кешкі намаздан кейін орнынан тұрмастан он мәрте «лә иләһә илаллаһ...» оқыса, оған қарулы періштелер жіберіліп, шайтанның жамандығынан қорғайтын болады. Оған он сауап жазылып, он күнәсі кешіріледі. Және бұл адам сенім келтірген он құлды босатқан жанға ұқсайды»-делінеді.


Сондай-ақ адамды бар жамандықтан намаз бен ораза қорғайды. Құранда: «Құраннан берілгенді оқы және намаз оқы. Шынында намаз оңбағандық пен ұятсыздықтан сақтайды. Бірақ Алланы еске алу маңыздырақ және Алла сендердің не істеп жүргендеріңді біледі».


 «О, сенім келтіргендер! Сендердің ата-бабаларыңа бұйырылғандай, сендерге де ораза бұйырылды – мүмкін сендер, шошынарсыңдар (күнә жасау)»-делінген.


Күнәлардың кешірілуі, Аллаға жақындау үшін түнгі тәхәжжуд намазының орны ерекше. Алла елшісі: «Түнгі намазға немқұрайлы қарамаңдар. Себебі ол бізге дейін өмір сүрген бабаларыңның салты. Түнгі намаз Аллаға жақындаудың амалы, күнәдан қорғайды және жасалған жамандықтың кешірілуіне себеп болады, тәнді аурудан айықтырады»-деген.




Әмина Омарова


Қарағанды облыстық орталық мешіті

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары