Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Үш қонақтың бірі періште ма?
26 тамыз, 2022 жыл 527 Басып шығару нұсқасы

Қонағың құт болатынын бүгінгі жастар аса түсіне қоймайды. Ата-бабаларымыз ауылға бөтен кісі келсе әдейі үйіне шақырып, тамағын беріп, тіпті қондырып алатын. Олардың иманы сондай мықты болды, тіпті осы қонақтың үйге берекет алып келетінін білді әрі соған сеніп амал етті. Тіпті қазақта қонаққа қатысты бірнеше мәтел сөздер де қалған.

Пайғамбарымыздың дәуірінде надандық жайлаған заман еді. Ислам келген соң адамдардың пиғылы, ниеті де өзгеріп, көркем мінезідік қалыптаса бастаған болатын. Сол сәттерде Алла Тағала біздерге пайғамбарымыз (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) арқылы қонақтың қадірі туралы да біраз жайттарды көрсетіп берді. Қоанқты сыйлау, құрмет көрсетуден бөлек тіпті оның ішіп-жер асына алаңдамауды көрсетті. Оны мына оқығадан аңғарсақ болады.

Сахабалардың біреуі тым қонақжай болатын Әйелі болса күйеуінің күнде қонақ ертіп келуін жақтырмайтын. Тіпті оңашада:

- Күн сайын бірнеше қонақты ертіп келуіңді қашан қоясың?! – бала-шағаңның несібесінен соларға жырып бермесең қайтеді, - деп реніш білдіретін.

Күйеуі оған онша көп мән берместен қонақшыл әдетін тастамайды. Әйелі бір күні шыдай алмай үйдегі жағдайды айтып Пайғамбарға (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) шағымданды:

Иә, Расулалла! Күйеуім кеш болса үйге топырлатып қонақ ертіп келеді. Бар тапқанын солардың аузына жайып салады. Құдай бетін ары қылсын, бір күні өзі ауыра қалса қалғанымыз аштан өлерміз деп қорқамын, - дейді.

Пайғамбарымыз (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) әлгі әйелдің күйеуін де шақыртты. Әлгі сахаба: Мен үйде қонақсыз отыра алмаймын. Дастарханымнан қонақтың дәм татқаны мен үшін үлкен қуаныш, - деп әйелінің дегеніне көнер болмады.

Пайғамбарымыз (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) әйелге қарап бұдан кейінгі уақытқа 1 ақ қонақтың келгеніне қалай қарайтындығын сұрады. Алайда әйел оған разылық танытпады. «Мен балаларымның несібесін кім көргеннің бөле жегеніне қарсымын» деп тұрып алды.

Ақыр соңында күйеуі мен әйелі 1 қонаққа келісіп ымыраласты.

Бірақ сол күні кешке күйеуінің үйге тағы да екі адамды ертіп келгенін көргенде әйелі тағы ашуға мінді. Тамақ әзірлеу үшін ас үйге кірді. Іштен тынып жүріп үш адамдық тамақ әзірлеп күйеуіне берді. Аздан кейін қонақтардың біреуінің сытылып үйден шығып кеткені байқалды. Әзірленген астың біреуі желінбей қалды. Әйел күйеуінен қонақтың біреуі неліктен тамақ ішпестен шығып кеткенін сұрады. Алайда күйеуі екінші қонақтың келгенінен бейхабар болып шықты. Ол таңдана: «Сен қай қонақты айтып тұрсың, мен іште отырған бір-ақ қонақты ертіп келген жоқпын ба?» – деді. Бірақ әйелі анық көрді. Келген екі қонақтың бірі тамақ ішпестен шығып кеткен еді. Әйелі мен күйеуі мәселенің төркінін пайғамбарымыздан (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) ұқпақ болды.

Екеуін жақсылап таңдаған пайғамбарымыз болған жайды оларға былай деп түсіндірді:  

Иә, негізгі үйге екі кісі келді. Алайда бұлардың біреуі адам бейнесінде келген сол қонақтың рызығы болатын. Алла Тағала әйелге үйге келетін әрбір қонақтың өз рызығымен келетінін көрсету үшін жаңағы көріністі оған әдейі көрсеткен. Әйелдің қонақтарға жеткілікті қылып тамақ әзірлегенімен ол ризық бәрібір ортаймаған болатын...

«Мына жайтты жақсы ұғыңдар! Әр қонақ өз ризығын ала келеді. Ешкім де ешкімнің несібесіне ауыз салмайды. Үйге келген қонақ қайта сол үйдің ризық несібесімен қоса берекетін де арттыра түседі» деді пайғамбарымыз.

Бұдан кейін әйел де өз қателігін түсініп ниетін түзепті. 

Пайғамбарымыз Мұхаммед саллалаһу аләйһи уә сәлләм бір өсиетінде: «Кім өзінің қонағына  сый-құрмет көрсететін болса, жетпіс пайғамбарға құрмет көрсеткендей болады. Кім қонағына бір дирхам ақшасын жұмсайтын болса, Алла жолында мың дирхам жұмсағандай болады» деген екен. 

Қонақ келсе жалғыз атын союдан тайынбайтын қазақты Алланың досы хазреті Ибраһим Халилулламен салыстыруға болады. Ибраһим аләйһис-сәләм қонақсыз дастархан басына отыра алмайтын кісі болған екен. Кісі келмесе өзі іздеп болса да қонақ күткенді жақсы көріпті. Құранда Ибраһим пайғамбарға келген екі періште туралы баяндалған аятта:  «Расында елшілеріміз (періштелеріміз) Ибраһимге (а.с) хош хабармен сәлем берді. Ибраһим (а.с) олардың сәлемін алып сонда дереу пісірілген бұзау келтірді». Адам кейіпінде келген періштелерді танымай жалғыз бұзауын сойып тастап, олардың алдарына тартқандығы айтылған. Меймандарының ештеңе жемей отырғанын көріп, секемденгенін сезген періштелер, Оған Исмаил атты қадірлі пайғамбар болатын ұлмен сүйіншілеуге келген Алланың хабаршылары екенін жеткізді. Осы аяттан Ибраһим пайғамбардың қонақжайлығының қандай дәрежеде болғанын байқауға болады.      

Пайғамбар Ибраһим келген қонағының кім екендігін, неге келгендігін, ас ішерін не ішпесін сұраған жоқ. Жалғыз малын құрбан етті, барын меймандардың алдына тосты. Бұл да қазақтың діліне жүз пайыз сай мінез емес пе?!

Қазақта «Көңіл кең болса, үйдің тарлығы білінбес» - деген нақыл бар, сондықтан да қонақты тойдыратын, көңілін жай қылатын берген ас-суың ғана емес, кең көңіл, ашық қабақ, жылы шырай асыңның аздығын, төріңнің тарлығын  білдіртпейді.

Әр шаңырақ иесі үйдегі өсіп келе жатқан балаларына қонаққа деген құрметті дұрыс мағынада түсіндіріп жеткізсе дейміз. Ризық, несібе мәселесінде осы айтылғандарға бой ұсынса да болады.

 

Қалмағанбетов Нұржан
«Бала қажы» мешітінің наиб имамы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары