Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Алланы және Пайғамбарды (ﷺ) сүю қалай болады?
24 тамыз, 2022 жыл 59 Басып шығару нұсқасы

Алланы және Пайғамбарды (ﷺ) сүю деген біздің түсінігіміздегі ер мен әйел арасындағы махаббатпен астарлы емес, тіпті бөлек ұғым. Ол анаға, әкеге, не бауырға болған махаббаттан да бөлек. Пайғамбарды (ﷺ) сүю – Оған (ﷺ) құрмет, мейірім, адалдық түсініктерімен орайлас келеді. Пенденің Алланы және Пайғамбарды (ﷺ) сүюі – оларға мойұсыну, бұйрықтарына бас ию болып табылады.

Хасан Басридің айтуы бойынша, кейбіреулер Пайғамбарымызға (ﷺ): «Уа, Мұхаммед! Біз жаратқан Иемізді сүйеміз», - деп айтқанда мына аят түскен: «(Уа, Мұхаммед! Адамдарға): «Егер Алланы (шынымен) жақсы көрсеңдер, маған еріңдер. Сонда Алла Тағала да сендерді жақсы көріп, күнәларыңды кешіреді», - деп айт. Алла – Ғафур (құлдары қанша жерден ауыр күнәға батса да, тәубелеріне келген жағдайда өте кешірімді), Рахим (әсіресе мүмін құлдарына ерекше мейірімді)» деген. (Әли Имран сүресі, 31).

Бишр Хафи (р.а.) былай дейді: «Бір күні Пайғамбарымызды (ﷺ) түсімде көрдім. Ол: «Бишр, Алла сені қайсы қасиетің үшін құрдастарыңнан жоғары қылып қойғанын білесің ба?» - деп сұрады. Мен: «Жоқ, білмеймін», - дедім. Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ): «Жақсы кісілерге қызмет жасап, мұсылман бауырларыға насихат айтуың, достарыңды және менің сүннетімді ұстағандарды сүйгенің және менің сүннетіммен жүргенің себепті жоғарылатты», - деп айтты. Тағы бір хаисте: «Кім менің жолымды ұстанса, мені сүйген болады және кім мені сүйсе, қияметте пейіште менімен бірге болады» деген (Тирмизи).

Саһл (р.а.) айтады: «Алла Тағаланы сүюдің белгісі – Алланың Кітабын сүю. Алла Тағаланы және Оның Кітабын сүюдің белгісі – Пайғамбарды (ﷺ) сүю. Ал пайғамбарды (ﷺ) сүюдің белгісі – оның сүннетін орындау. Оның сүннетін орындаудың белгісі – ақыретті сүю. Ақыретті сүюдің белгісі – бұл дүниені сүймеу. Бұл дүниені сүймеудің белгісі – ақыретке азық болатынынан артығын тұтынбау». Риуаяттарға қарағанда бір кісі бір жындының лайықсыз іс-әрекетіне куә болып, бұл туралы Маруф әл-Қарһи жымиып тұрып оған: «Бауырым, сен жолықтырған кісі Алланы сүйгендердің ішінде ақылдысы, жындысы, кішкентайы және үлкені болады», - деп жауап береді. Осы ретті баршамыз ескеретін дүние әрқайсымыз иман дәрежемізге орай Алланы және Оның пайғамбарын (ﷺ) сүйеміз.

Жоғарыда келтірілген қысқа хадистерге сүйеніп, амал етуге шақырамыз. Баршаға түсінікті болсын деп қысқа әрі маңызды тұстарын келтірдік. Алла Тағала әрбір жүрекке Өзіне және Пайғамбарына (ﷺ) деген махаббатты сыйғызып қойсын.

               

 

 Валиев Ахмадулла

Балқаш қалалық  мешітінің  наиб имамы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары