Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Қыз баланы тәрбиелеудің ерекшелігі
24 тамыз, 2022 жыл 58 Басып шығару нұсқасы

Қыздың дұрыс жетілуі үшін, ана боып бала сүюі үшін оның жаны мен тәні дұрыс дамуы қажет. Қыз бойжетпей тұрып анасы тазалық мәселесіне, тәрбиесіне аса кқңіл аударғаны абзал. Алғашқы қадам 4,5 жасынан бастап ер баламен бірге жатқызбаудан басталады. 8-9 жасынан бастап қыздың тәнінде болатын физиологиялық өзгерістер туралы көкем түрді түсіндірілуі тиіс. Осы ретте тазалық тақырыбын ислами негізде білу шарт. Өйткені перзент – ата-анаға Алланың берген аманаты, әрі сыйы. Халық даналығында «ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді. Кез келген қоғамның келешегі, ұрпақ тәрбиесіне байланысты. Асыл дінімізде  бала бұл – өмірдегі үлкен нығмет, әрі сынақ ретінде қаралады. Тәрбиені ислам шеңберінде ұштастыратын болса ата-ана өз міндетін дұрыс орындағаны. «Ұлтыңды тәрбиелеймін десең, ұлыңа, халқыңды тәрбиелеймін десең, қызыңа тәлім бер» деген сөз бекер айтылмаған. Бұл сөздің астарында үлкен мәселе жатыр. Өйткені қыз – болашақ ұрпақтың анасы. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімнің үш қызы болып, оларға дұрыс тәрбие берсе, маңдай терімен тапқанына киіндіріп бақса, олар (қыздарын тәрбиелеп өсіргені) сол үшін тозақ отынан қалқан болады», - деген.

Жоғарыда айтылған 8,9 жасқа жете тоқталсақ, осы уақытта қыздың бойында гормондық өзгерістер болады. Тәні дамып, қыз бойжете бастайды. Балиғат жасына өтеді. Қыздың төс бездері қалыптасып, етеккірі келуі мүмкін. Осы жерде мына мәселеге мән беріңіз: етеккір (хайз) мәселесі жан-жақты қаралған. Ол 9 жастан бастап 15- жас аралығында келуі мүмкін. Бұл әр өңірдің ауа райына, климатқа байланысты өзгерістер болуы мүмкін. Араб өңірлері күн ыстығынан 9-жасынан хайз қанын көріп балиғатқа жетсе, Қазақстанда 10-11 жас аралығы болады екен.Ал 15 жасқа дейін мүлдем қан көрмесе, ол жаста қыз «балиғатқа толды» деп есептеледі. Әрбір ана осы тақырыпты өзі толық түсініп, сосын қызына түсіндірсе дейміз. Балиғат жасына толған қыз бала исламдағы құлшылықтармен қатар, әурет жерін жауып жүруі парыз етіледі.

Келесі мәселе - жатыр тақырыбы. Балиғатқа толған қыз бала көтеріп, перзент сүе алады. Бірақ біздің қоғамда бұл тым ерте жас болғандықтан ата-ана қызға сақтану шараларын жете түсіндіруі тиіс. Яғни, тұрмыс құрып бала сүю, тазалықты сақтау, ербаламен жақындаспау секілді нәзік тақырыптар міндетті түрде үйде айтылуы тиіс. Қыз бала осындай дүниелерді өз анасынан естімесе үлкен қателікке душар болу қаупі бар.

Ескеретін ең маңызды мәселе – хайз кездегі тыйымдар. Хайз кезде қыз балаға Құран кітабын ұстауға болмайды. Алла Тағала Құранда: «Оған (Құранға) толық тазарғаннан басқалар қол тигізе алмайды» деген («Уақиға» сүресі, 79-аят).

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қыз балалардың  қадір-қасиеті жайында былай деген: «Қыздар – мейірімді, игі жандар. Бір қызы бар адамды Алла Тағала тозақ отынан сақтайды. Екі қызы бар адам, солардың себебімен жәннатқа кіреді. Ал үш қызы бар немесе қыздары секілді кіші қарындастары бар адам, оларға қамқоршы болса, оның мойнынан жиһад пен садақаның жауапкершілігі түседі»  дейді.

Осы хадистегі бақытқа кенелгіміз келсе, қызымызды дұрыс тәрбиелеуіміз керек. Әр нығметтің сұрауы бар. Әр білімнің пайдаланар орны бар. Сондықтан алған біліміңізді іс жүзінде пайдаланып, ақырет үшін амал етейік. Өйткені қыз бала жат жұрттық болған соң, барынша адамгершілік пен имандылықты бойына сіңіруге тырысу керек.

 

 

Айтқазин Рауан

Балқаш қалалық мешітінің наиб имамы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары