Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Оқыту жақсы көруден басталады
10 қараша, 2014 жыл 308 Басып шығару нұсқасы
нтернетБір профессор, социалогия факультетінің студенттерін Балтимор қаласының кішкентай бір ауылына жібереді. Сондағы тапсырма – ол ауылда тұратын 200 ер баланың мінез-құлқын зерттеп, әрбір баланың келешегі жайлы өз тұжырымын жазу болатын. Тапсырманы орындап келген студенттердің берген бағасы бір болды – балалардың ешбірі “адам” болатын емес.

25 жылдан кейін, социалогия пәнінен басқа бір профессор осы зерттеу жұмысты тауып, өз студенттеріне жобаны жалғастырып, жобадағы балалар тұратын ауылға барып, балалардың қандай адам болып өскенін қарап келуін тапсырады. Студенттер ол ауылдан көшіп не болмаса қайтыс болған 20 шақты баладан басқасының бәрін тауып алады. Қалған 176 баланың бәрі де керемет жетістіктерге жетіп, адвокат, дәрігер, бизнесмен болғанын көреді.

Профессор қатты таңқалып, 25 жыл бұрын зерттеу нәтижелерінің неліктен қате болғанын білгісі келеді. Ержеткен балалардың бәрі әлі сол ескі ауылдарында тұрғаны үшін, ол жерге барып әрқайсысымен жеке-жеке сөйлескісі келеді. “Кішкентай кездеріндегі қиын шарттарға қарамастан, жақсы азамат болып өстіңдер. Жетістіктеріңді қалай түсіндірер едіңдер?” сұрағына бәрінен де бірдей жауап алады: “Ауылымыздың мектебінде бір мұғаліміміз бар еді. Бәрі де соның арқасы.”

Профессор мұғалімді тауып алып, онымен де сөйлескісі келіп үйіне дейін барады. Бетін әжім басқан құрметті ұстаздан жасөспірімдерді көшенің теріс әсерінен қалай құтқарып, олардың жақсы азамат болулары үшін қандай тәрбие көрсеткенін сұрайды.

Ұлағатты ұстаздың көздерінен мейірім төгіліп, күлімдеп ғана: “Оп-оңай” дейді, “Мен ол балалардың бәрін жүректен шынайы жақсы көрдім“

 

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары