Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Мұсылман – мұсылманға бауыр
27 қазан, 2014 жыл 2226 Басып шығару нұсқасы
загруженноеАлла Тағала Құран Кәрімде:

«Мұсылмандар - бауыр» - деген. Хақ Расул(с.ғ.с)  да өз хадистерінде осыны ескертіп:

«Мұсылман – мұсылманның бауыры. Мұсылман – бауырына қастандық жасамайды, оны дұшпанға тастамайды. Кім мұсылман бауырына жәрдем етсе және оның кем-кетігін толықтырса, Алла  Тағала оған жәрдем етеді. Кім бір мұсылман бауырын қиыншылықтан құтқарса, Алла Тағала осыған сай қиямет күні оның қиыншылықтарының бірін жояды. Кім мұсылман бауырының  бір кемшілігін  жасырса, Алла Тағала  ақыретте оның кемшілігін жауып жібереді», - дейді. Осы ескертуді өмірлік ұстанымға  айналдырған халқымыз өзара бөлінуді  теріс көріп:

                   Деді ғой: дін – қарындас бірадармыз,  

                  Лепірме «қожамын»  деп бейнаһаят;

Сонымен берге:

                  Бауырым, сен мені қуантсаң,

                  Құдайым сені қуантсын, -деген.

                  Осы бауырмашылық жайында Алла Елшісінен

«Сіздерден ешбіріңіз үшін қалаған нәрсесін дін бауыры үшін де қаламаса  толық иман еткен болмайды», - деген ғибрат сөз қалған. Осыны кейінгі ұрпаққа қатаң ескерткен халқымыз:

                 Жан зікірін көп айтсаң, ақ боларсың,

                 Сабырлық ақырында шат боларсың.

                Өзің жетіп, өзгені ойға алмасаң,

            Қарындас пен қауымға жат боларсың, - деген.

Қоғамда бауырластықты нығайта түсетін сиқырлы бір күш бар, ол – бір-біріне  жәрдем ету. Жалпы «жәрдем» деген кезде адам баласының ойына ең біріншіден әлсіздер мен жәбірленушілерге көмек қолын созу келеді. Алайда, адамзатқа әмбебап дәстүрлерді ұсынған Алла Елшісі(с.ғ.с) ешкімді жәрдемнің аясынан тыс қалдырмай:

«Бауырыңа ол жауыз болса да, жәбірленуші болса да жәрдем ет», - деген. Мұны естіген сахаба таң қалып: «Жәберленушіге жәрдем етермін, ал жауызға қалай жәрдем етемін?»  - деп сұрағанда, Пайғамбарымыз: «Оған жауыздық іс-әрекетін тыюға көмектесуің – оған сенің жәрдемің болады» - деп айтқан. Осы  хадисті адамгершілік қағидасына айналдырған халқымыз ой тиегін:

             Хал-қадір сөз тыңдатар досы болса,

            Араздық екі мумин  ісі болса,

            Қайтарып ізгі жолға салған дұрыс,

            Қалып еткен жауыздықты кісі болса, - деп ағытады.

 

Шәмшат Әбілдаева

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары