Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Мұсылманның сөйлеу әдебі
22 қазан, 2014 жыл 35 Басып шығару нұсқасы
33Осы   дүние және о дүниеде иесіне ең көп пайда мен зиян келтіретін бұл -  адамның тілі. Өйткені тіл адамның ішкі дүниесін ашатын кіліт деп есептеледі. Мәселен,  адам иманға келсе, не күпір лігін сыртқа шығарса қоғамға  айтқысы келгенді тілі арқылы білдіреді, сыпайлылығы мен көргенсіздігін де тілінен аңғаруға болады. Тіл арқылы адам баласы өзіне көп жақсылық пен жамандық тілеп алады. Тілдің маңызды құрал екендігіне және оған ерекше көңіл бөлу керектігін Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деп баяндаған:  «Кімде – кім маған екі сақалының арасындағы нәрсесі мен екі аяғының арасындағы нәрсесі үшін кепілдік берсе, мен оған Жұмақты кепіл етем» (Әл – Бухари). Яғни,  тіліне ие болып қана қоймай арсыздықтан да аулақ жүрсе,  Жұмаққа үміті үлкен.

Алла Тағала бәрін естуші болғандықтан сөздер де мән – мағынасына сай сауап пен күнә ретінде жазылуы мүмкін. Аузымыздан шығатын болмашы сөздер иесін тозақтың түбіне кіргізуі немесе айтылған жақсылығынан адам о дүниеде Жұмақтың жоғары сатыларына көтерілсе, таңданарлық жайт емес. Сондықтан адам жақсылықты айтуы тиісті, әрі білім жинап, көзі анығына жеткен нәрселерді айтқаны жөн. Бұған байланысты Пайғамбарымыз  (с.а.у.) былай деп айтқан: «Рас, құл, ( яғни Алланың пендесі ) Алланың  ризалығына жататын сөз айтуы мүмкін, ол оған мән бермейді де, ал Алла  оны сол арқылы сатыларға көтереді. Рас, құл Алла Тағаланың ызасын келтіретін сөз айтуы мүмкін, оған мән бермейді, ал сол үшін ол Тозаққа құлайды» (Әл – Бухари).

Жақсы сөз садақаның сауабына теңеледі  бұған байланысты Пайғамбарымыз  (с.а.у.):  «Жағымды сөз  - садақа,....» (Әл – Бухари).  Адам баласына Алла Тағала еркіндік берді, сол еркіндікті жалған дүниеде пайдалана білуі керек. Бұл  үшін жақсы амалдар мен жақсы сөздер айтсақ, садақа есебінде жазылады, сол үшін Алла  Тағала берген тілімізден, аузымыздан шықан жаман сөзден сақтанайық.

Құрметті  жамағат! Өздеріңіз аңғарғандай, дініміз сөйлеу мәселесіне үлкен мән берген. Өйткені тіл өз иесіне көп жақсылық та жамандық та әкелуі мүмкін. Сондықтан да саналы да байыпты түрде сөйлейік, құлаққа жағатын, сыпайы да сауапты сөздерді көп болғай!

 

Теміртау қалалық мешітінің  азаншысы: Ташев Шохан

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары