Тілдік нұсқа
Радио

мақала

30 жылдық тәуба
12 қазан, 2014 жыл 20 Басып шығару нұсқасы

imagesҒұлама бір ақсақал шәкірттерімен әңгіме барысында: “30 жыл бұрын “Әлхамдүлиллаһ” дегенім үшін 30 жыл бойы тәуба сұрап келемін” дейді. Шәкірттері таң қалып, мұның мәнін сұрағанда, әлгі ақсақал былай деп түсіндіреді: “Сауда орнында үлкен өрт шығып, көптеген саудагерлердің дүкендері өрттеніп, иелері үлкен шығынға ұшырайды. Өрт туралы маған хабар жеткенде мен “Сенің дүкеніне ештеңе болмапты” деген сүйінші хабарға абайсыздан “Әлхамдүлиллаһ” дей қалдым. Кейін осы әрекетіме қатты өкіндім – мұсылман бауырларымның мал-мүлкі жанып кеткен кезде, өзімдікі аман қалды деп шүкір еткенім шынайы мұсылмандыққа жараспады деп қатты қобалжыдым, еңіреп тәуба еттім. Кейін өрттен зиян көрген мұсылман бауырларыма ортақтас болайын мақсатымен, дүкенімдегі барлық заттарды кедейлерге таратып берсем де, сол күннен бері 30 жыл бойын тәуба етсем де, әлі де жаным тыныштық таппады. Мен өлген кезде, ешкім білмейтін – адам жүрмейтін бір жерге апарып жерлеулеріңді сұраймын.. топырақ мені қабылдамай, достарымның алдында ұят болмасын.


Сайтқа дайындаған:М.Қуандыққызы





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары