Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Рухы – тәніне, жүрегі – нәпсісіне
28 мамыр, 2014 жыл 176 Басып шығару нұсқасы

Рухы – тәніне, жүрегі – нәпсісінеБаяғы өткен заманда көрнекті ислам ғұламасы Абдұлқадір Гейланидің медресесінде мінезі қиындау бір әйелдің жалғыз да ерке ұлы тәлім алып жатады. Шешесі анда санда келіп баласын қарайлап тұраса керек. Бір күні келіп бөлмесінің терезесінен қараса баласы қатқан қара нан жеп отыр. Жар дегенде жалғыз баласын мұндай халде көрген мейірбан ана Абдұлқадір Гейланиге барып шағымданбақ болады. Бөлмесіне барса ұстаз қызарып піскен тауық жеп отыр екен.
Әйел шыдамай
- “Әй, әзірет, менің балам аштықтан өлейін деп қара нан кеміріп отырғанда, сіздің тауық жеп отырғаныңызға жол болсын ! “, – депті.
Сонда Гейлани тауыққа “Күм би изнуллаһ” дегені мұң екен, әлгі піскен тауық табақтан атып тұрып, жүгіре жөнеледі. Ұстаз болса “сіздің балаңыз осындай дәрежеге жеткенде ол да тауық жесін” деген екен.
Ұстаздың сөзінің мағынасы мынадай -”Балаң рухани жағынан кәмілетке ұласып рухы – тәніне, жүрегі – нәпсісіне, ақылы -асқазанына үстемдік жүргізетін жағдайға жеткенде, яғни дүниелік ләззәттің тек қана шүкіршілік үшін екенін түсінген кезде, қалағанын жей берсін


Сайтқа дайындаған: Тотия Енсебаева





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары