Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Тақуалық деген не?
26 желтоқсан, 2022 жыл 1778 Басып шығару нұсқасы

Тақуалықты қарапайым мысалмен сөз етуге болады. Бірде әйгілі сахаба Әбу Һұрайра (Алла оған разы болсын) тақуалық туралы сұраған кісілерге былай деді: «Сіздер өмірлеріңізде тікені көп жолмен жүріп көрдіңіздер ме?»

Сонда қасындағы адамдар: «Иә, өттік», – деп жауап берді. Әбу Һұрайра (Алла оған разы болсын) тағы да: «Олай болса, сол жерден өткен кезде не істедіңіздер?» – деп сауал қойды. Олар: «Тікендерден сақтанып өттік», – деп жауап берді. Сонда сахаба: «Тақуалық та дәл солай, күнә мен қателіктерден сақтану», – деп түсіндіріп берді.

Тақуалық біліммен, иманмен келетін дүние. Пенде тікеннен қалай сақтанып өтсе, ақыретке қатерлі істерден де солай сақтану, тура жолда жүру тақуалыққа алып келеді. Алланың парыздарын орындау арқылы, тыйымдарынан тыйылу, зиянды нәрселерден аулақ болу мағынасын тақуалықтың бейнесі ретінде көреміз.

Тақуалық әр жерде өз бет-бейнесінде көрініс табады. Мыласы, отбасындағы тақуалық – жұбйы мен ұрпағына білім қалдыру, діни шеңберде көркем тәрбие беру, тәкаппарлық пен риядан аулақы етіп, сабырлылық пен ақылдылыққа бой ұстандыру болмақ.

Достар арасындағы тақуалы – жаныңдағылардың пікірін сыйлау, амалдарына құрметпен қарау, қателессе көркем түрдей ескерту, бой алмаса қинамау, ашушаңдықта сабырлылық таныту.

Жұмыстағы тақуалық – басшылыққа құрметпен қарау, әріптестермен ақылдаса шешімдер шығару, олардың пікіріне құрмет таныту, келеңсіздік туса шусыз, көркем түрде шешуге тырысу.

Қандай ортада болмасақ та көркем мінезімізбен ислам дінін шарықтатуға ат салысуымыз керек. Тақуалықтың шыңы – сабырлылық болады. Отбасында болсын сыртта болсын осы қасиетті бойымызға дарытар болсақ, мүмін мұсылмандығымзға шаң жуымас.

Әбу Һұрайра (Алла оған разы болсын) пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) өмірінде болған өнегелі оқиғаны былай баяндайды: «Бір бәдәуи (көшпенді араб) пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) мешітіне келіп, кіші дәретін сындырды. Мешітте отырған сахабалар әлгі бәдәуидің өте өрескел әрекетіне ашуланып кетеді. Оған айқайлайды, тіпті қол көтермек болып, орындарынан өре түрегеледі. Сәл болмағанда оған қол жұмсап қоя жаздады. Сол кезде Алланың Елшісі оларға: «Оны жөніне қалдырыңдар. Кіші дәрет сындырған жеріне бір шелек су төгіп, тазалай салыңдар. Сендер қиындатушы емес, жеңілдетуші ретінде жіберілдіңдер», – деді».

Бұл оқиғадан қандай сабақ алуға болады? Былай қарасаңыз, сахабалардың ашулануының өзіндік орны бар. Алланың жердегі үйіне дәрет сындыру деген сұмдық емес пе? Ал Алла Елшісі осы кезде қандай ұстанымда болған еді? Ол істі қиындатпады, керісінше, көркем түрде әлгі адамға мешітте дәрет сындыруға болмайтынын, мешіт – Алланың үйі екенін түсіндірді. 

Алла Тақала Құран кәрімде: «Беттеріңді шығысқа не батысқа қаратуларың жақсы іске жатпайды, қайта Аллаға, қияметке, періштелерге, (Алладан түскен) кітаптарға, пайғамбарларға шынайы сену, Алланың ризалығы үшін мал-мүлкінен жақындарына, жетімдерге, міскіндерге, (мал-мүлкінен қол үзіп қалған) жолаушыларға, қайыршыларға, құлдарды азат етуге заттай көмек беру, сондай-ақ намаз оқып, зекет беру, уәдеде тұру, жоқшылыққа, ауруға, (Алланың жолындағы) соғыс зардабына шыдамдылық көрсету – міне, осылар жақсылыққа жатады; нағыз адал адамдар, нағыз тақуалар – міне осылар» деі. (Бақара с.ресі, 177-аят).

Олай болса, осы аятқа бойұсынайық, құрметті жамағат!

Абдрахман Ысқақ Рахимбекұлы

Қазыбек би мешітінің имамы

                                                                                                                   

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары