түсінгенім…
ешкімге қинап өзіңді жақсы көргізе алмайсың,
ұнатқан адам болсаң да, қалғанын өздері біледі.
түсінгенім…
сенімге кіру үшін жылдар керек,
сенімнен шығу бір-ақ минут.
түсінгенім…
өмірде қолда не бары емес,
қасында кімнің болғаны маңызды.
түсінгенім…
өзіңді ең жақсылармен салыстыру емес,
өзіңді саралап байқау нәтиже береді.
түсінгенім…
адамның басына не келгені емес,
сол жағдайда не істегені маңызды.
түсінгенім…
сөз қайтару, ойлап сөйлеуден жеңіл.
түсінгенім…
жақындармен жақсы қоштасу керек,
соңғы кездесудің қашан туатыны белгісіз.
түсінгенім…
егер сезімдеріңді басқара алмасаң
сезімдерің өміріңді басқарады.
түсінгенім…
екі адам бір нәрсеге қарап,
екі түрлі нәрсе көруі мүмкін.
түсінгенім…
жақыныңды ренжітпеу мен өз көзқарасына берік болу арасындағы сызықты табу қиын.
түсінгенім…
ең жақын достарың сені ренжітуі мүмкін.
оларды кешіре білу керек.
түсінгенім…
кейде біреуді кешіру жеткіліксіз.
өзіңді де кешіре білу қажет.
түсінгенім…
жүрегің қанша жылап сыздаса да,
дүние сен үшін тоқтап қалмайды.
Сайтқа дайындаған: Тотия Енсебаева
Пікірлер