Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Тәубе – жүрек байлығы
01 сәуір, 2014 жыл 269 Басып шығару нұсқасы

Тәубе – жүрек байлығыАрмансыз пенде жоқ. Егер ақылмен тежемесек нәпсі қалауы иесінің басын түпсіз терең шарға салып, сандалтып қояды. Ондай шәрменде жағдайға тап болмайын десек алды-артымызға көкірек көзімен қарап, әр басқан қадамымызға есеп беріп отыруымыз қажет. Бос қиял, артық сөз ,ерсі қылық кім-кімге де абырой әпермесі анық. Осыған бір дәлел келтіре кетейік.
Жас дейтін жас емес, тоқсанның төріне келген мына бір кісінің арман-дерті жоқ деуге болады. Асарын асап, жасарын жасаған, кіндігінен өрген ұл-қыздары өзімен-өзі дөңгелетіп өмір сүріп жатыр. Осыған шүкіршілік қылып, енді қалған азғантай өмірінде жарық дүниеде өзіне нәсіп болған мұқым жақсылықтар үшін жаратқан иесіне тәубе қылудың орнына тобасынан жаңылып, тар төсекке таңылып қалған мына хал-жайына, кемпірінен айрылғанына, қос жанарының көрмей қалғанына нала екендігін екінің біріне езбелеп айтып, одан қала берді өткен күнде сүрген жігітшілік дәуренін еске алып, ол күндер енді қайтып келмейді-ау деген өкінішін өзегін өртер өксікпен таусыла қайталап, кемсеңдеп жылап, үй-ішінің берекесін алғанын іштей құптай қоймасыңыз анық. Өйткені не қиындықты да Алла адам басына сынау үшін салады. Оған сабырлық қылған сарабдал жандарды сыйлықпен қуантады.
Өз заманында Иса алейһиссәлам өтіп бара жатып, бір ағаштың түбінде күбірлеп жатқан міскінге көзі түседі. Әлгінің үсті-басынан дым қалмай, жара басқанын және екі жанарының тас қараңғы екенін аңғарады. Күбіріне құлақ түрсе, ол пенде жаратқан иесіне жалбарынып, тәуба қылып жатыр екен:
-Иә, Жаратқан Ием! Менің өзіңе деген шүкіршілігім мына талдың жапырақтарының санынан да артық, сан жетпейді, - деп жатқанын естиді.
-Ей, сен неткен пендесің? Өзіңнің жатқан сыйқың мынау. Не үшін ризалық етіп шүкіршілік қыласың?-деп сұрайды одан .Сонда әлгі міскін:
-Иә, көзім соқыр, көрмейін. Бірақ жүрегімнің көзімен Алланы танимын. Жанарым жоқ болса да, тілім сау, Жаратқан иеме деген шүкіршілігімді тілмен айтып жеткізе алатыныма тәуба қыламын. Айналамда мен сияқты кемтар емес, он екі мүшесі дін аман, байлық-дәулеті жетіп артылып жатқан, бірақ Алланы еске алатын жүрегі жоқ, тілмен тәуба қылуға құлықтары соқпайтын қаншама адамдардан санамды артық қылып ояу жаратқаны үшін Аллаға күн сайын сансыз шүкіршілік етемін, - деген екен.
Қатты тебіреніп кеткен Иса алейһиссәлам міскіннің су қараңғы көзінен сүйіпті. Қолын көкке жайып, шын көңілден дұға қылыпты. Тілегі қабыл болып, әлгі жанның үстінен жарасы төгіліп, жанары шайдай ашылыпты. Қанағатшылдық көңілдің ашкөз аранына құлақ салып, жүректі байытады, жанды қуаттандырады екен. Олай болса бәрімізде шүкіршілігіміз бен қанағатымыздан ажырамайық ағайын!


Дурратул уағйзин кітабынан аударған
Осакаров ауданы Тоқа Байғозықажы мешітінің имамы Қанат Анасұлы





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары