Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Өсек айтуға рұқсат
17 наурыз, 2014 жыл 274 Басып шығару нұсқасы

Өсек айтуға рұқсатБілуге тиіссің. Өсек айт үшін бес жерде рұқсат берілген. Бұларды кезегімен айтып өтейік:
1) Зұлымдыққа ұшыраған бір кісі залым туралы өзінен зұлымдықты алыстату үшін басқарушыға айта алады. Бірақ басқарушыдан басқа бір кісіге айтуы орынды деп саналмайды.
2) Бір жағдай туралы бір ғалыммен әңгімелесетін кезде егер керек болатын болса тап болған жамандық туралы айта алады. Бұл сияқты арыздануды Әбу Суфиянның әйелі істеген. Сол үшін Пайғамбарға (с.ғ.с.) келіп былай деп айтқан:
Әбу Суфиян сондай бір кісі, маған жететіндей ақша бермейді.
3) Бір мұсылманды басқа бір кісінің жамандығынан алыстату үшін оның жамандығы туралы айта алады.
4) Ат қою арқылы білінетін нәрселер. Мысалы, жылауық, миғұла және соған ұқсас нәрселер.
5) Айыбы арқылы ашыққа шыққан кісіні де өсектеген болмайды. Айрықша айтылуынан бір қиыншылық сезілмейтін болса. Мысалы, қызтеке болған еркектерді сол жағдайымен айтқан сияқты.
Расулуллаһ (с.ғ.с.) бір хадис-шәрифінде былай бұйырды: - «Ұят пердесін жыртқан ұялмайтын кісілер туралы айту өсек деп саналмайды».


Сайтқа дайындаған: Тотия Енсебаева


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары