Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Лұқманның насихаттары
05 ақпан, 2014 жыл 242 Басып шығару нұсқасы

Лұқманның насихаттарыХазіреті Лұқманға замандастарының бірі былай деп өтініш жасапты: «Пайғамбарлардан үйренген ілімдеріңізді қорытындылап, нәпсі тәрбиесі жайында бізге қысқаша бір сөз айтасыз ба?»
Хазіреті Лұқман: «Иә, Пайғамбарлардың ілімдерінен қорытындылап, екі дүниеде де пайдасы тиетін бір сөз айтайын. Өткендердің және кейінгілердің ілімдерін дұрыс түсініп, оларды пайдаға асыру үшін сегіз нәрсеге мән беру керек.
Төрт уақытта төрт нәрсені қорғау, екі нәрсені ұмытпау, екі нәрсені мүлде ұмыту.
Төрт қорғайтын нәрселер: Намазда көңілді қорғау керек, халық арасында тілді қорғау керек, жеп ішуде тамақты қорғау керек, біреудің үйіне барғанда көзді қорғау керек.
Ұмытпайтын екі нәрсе: Алланың ұлылығы мен өлетіндігіңді (Ақтық дем).
Ұмытатын екі нәрсе: Өзіңнің біреуге істеген жақсылығыңды ұмыт, біреудің өзіңе істеген жамандығын ұмыт.
Адамдардың істеген жақсылықтарын ұмытпау, менменсіп кетуден сақтап, жақсылық істеуге кұлшынысты арттырады. Өзіне істелген жамандықты ұмытпау, кектену және өш алу сезімдерін оятады. Міне, осы айтқандарым Пайғамбарлардың ілімдерінен қортындылағандарым.


Сайтқа дайындаған: Тотия Енсебаева


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары