Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Қарапайымдылық пен тақуалық
07 қыркүйек, 2013 жыл 26 Басып шығару нұсқасы

Қарапайымдылық пен тақуалықМүминдер әміршісі халифа Омар ибн Абдулазиз мұсылмандарды басқарып тұрған кезінде қазына үйінің қоймашысы етіп жас жігітті тағайындайды. Мұсылмандар мейрамы айт келеді. Халифаның қыздары айт күндері киіп шығар жаңа киімдері жоқ екенін, көйлектерінің тозығы жетіп ескіргенін өз құрбыларының айт мейрамына жаңа әдемі киініп шығып жатқандарын айтады.
Қыздарына жаны ашып, көңілі жібіген әке қазына үйінің қоймашысына келіп: “Келер айдың еңбек ақысын бер,” - деп сұрайды.
“Мұсылмандардың қазына үйінен келесі айдың жалақысын алдын-ала алғың келе ме? Келесі айға дейін өмір сүріп, қызмет ететініңе кепілдік ете аласыңба, ей мүминдер әміршісі?!” – деп қазынашы жас жігіт халифаның бұл талабына қарсылық білдіреді. Халифа бір жағынан таңырқап, бір жағынан қуанып,  “Алла Тағалаға шүкіршілік, маған сендей шынайы насихатшы берген,” - деп Халифа Омар ибн Абдулазиз қазынашысының сөзіне разы болады. Содан соң қыздарына бұрылып: “Өздеріңнің жаңа киімдерің үшін әкелерің тозақ отына кірсін демесеңдер райларыңнан қайтыңдар,” - дейді.
Ғибрат: Омар ибн Абдулазиз мүминдердің әміршісі бола тұра қоймашы жігіттің насихатын тыңдап, оған разылығын білдірді. Бұл оның қарапайымдылығы мен тақуалығының белгісі еді. Пайдалы насихатқа құлақ асқан адам, әлбетте, жақсылыққа, жетістікке жетеді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары